Қазақ |
157
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және ескертпелерді оқып
шығыңыз.
Қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау
ток соғуға, өртке және/немесе ауыр
жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен
ескертпелерді болашақ жұмыстар үшін сақтап
қойыңыз.
u
Әр пайдаланудан бұрын радио қабылдағышты,
штепсельдік қуат блогын, кабельді және ашаны
тексеріңіз. Зақымдар байқалған жағдайда, радио
қабылдағышты пайдаланбаңыз. Радио
қабылдағыш пен штепсельдік қуат блогын өз
бетіңізбен ашпаңыз және оларды тек білікті
маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен
жөндеуге рұқсат етіңіз.
Зақымдалған радио
қабылдағыштар, штепсельдік қуат блоктары,
кабельдер және ашалар электр тогының соғу қаупін
арттырады.
u
Штепсельдік қуат блогының желілік ашасы
розеткаға сай болуы қажет. Ашаны ешқандай
жолмен өзгертуге болмайды. Ешқандай адаптер
ашаларын радио қабылдағыштармен бірге
қолданбаңыз.
Өзгертілмеген ашаны және жарамды
розеткаларды пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
u
Штепсельдік қуат блогының кабелін радио
қабылдағышты тасымалдау, асып қою немесе
ашаны розеткадан суырып шығару үшін қате
жолмен пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан,
майдан, өткір жиектерден немесе құрылғының
жылжымалы бөліктерінен алшақ ұстаңыз
.
Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель ток соғу
қаупін арттырады.
Радио қабылдағыш пен штепсельдік қуат
блогын жаңбырдан немесе ылғалдан
сақтаңыз.
Радио қабылдағышқа немесе
штепсельдік қуат блогына су кірсе, бұл ток
соғу қаупін арттырады.
u
Аккумуляторды ашпаңыз.
Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
u
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін.
Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
u
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе
зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
u
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін.
Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
u
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
u
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз.
Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
u
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
u
Кіші батареяны ешқашан жұтып жібермеңіз.
Кіші
батареянын жұтылуы 2 сағаттың ішінде ішкі қатты күю
және өлімге алып келуі мүмкін.
Түймелі элемент балалардың қолына
түспеуін қамтамасыз етіңіз.
Түймелі
элемент жұтылған немесе денеге басқа
жолмен кіріп кеткен жағдайда, дереу
дәрігерге жолығыңыз.
u
Батареяларды алмастыруда тиісті ретте
орындалуына көз жеткізіңіз.
Жарылу қаупі бар.
u
Кіші батареяларды зарядтауға тырыспаңыз,
оларды қысқа тұйықтауға әрекет жасамаңыз.
Кіші
батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды
жарақаттауы мүмкін.
u
Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте
алып тастап кәдеге жаратыңыз.
Заряды қалмаған
батареялар тығыз болмай қалып өнімді зақымдауы
немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін.
u
Кіші батареяны артық қыздырмаңыз және алауға
тастамаңыз.
Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы
және адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Bosch Power Tools
1 609 92A 5NG | (27.05.2020)