![AEG DBB3651M Скачать руководство пользователя страница 119](http://html1.mh-extra.com/html/aeg/dbb3651m/dbb3651m_user-manual_3048790119.webp)
Көп мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және
қуырғанда, бірнеше пісіру аймағында немесе оттықтарда
пісіргенде.
Тағамды пісіргеннен кейін ауа тартқыш
құралды шамамен 15 минут қосып
қоюға кеңес беріледі.
ауа тартқыш құралды пайдалану үшін:
1. Құрылғыны қосу үшін бірінші
жылдамдық түймесін
басыңыз.
2. Қажет болса, пісіру бетін
жарықтандыру үшін шам түймешігін
басыңыз.
3. Керек болса, қажетті түймешікті басып,
жылдамдықты өзгертіңіз.
Құрылғыны сөндіру үшін бірінші
жылдамдық түймешігін
қайта
басыңыз.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
6.1 Тазалауға қатысты ескерім
Жуғыш заттар
Жеміргіш жуғыш заттарды және шөткелеррді пайдаланбаңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жұмсақ жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Тағам пісіргеннен кейін құрылғының кейбір бөліктері ысып кетуі мүмкін. Дақты
болдырмас үшін құрылғыны суытып, таза шүберекпен немесе қағаз сүлгімен құрғату
керек.
Дақтарды жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.
Ауа тартқыш
құралды таза
ұстаңыз
Құрылғыны және май сүзгілерін ай сайын тазалаңыз. Құрылғының ішін және май
сүзгілерін майдан тазартыңыз. Май жиналғанда немесе басқа қалдық жиналса, өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
Майды сүзгілерін ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
Ыдыс жуғыш машинаға төмен температура және қысқа цикл орнату керек. Май
сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді.
Көмір сүзгісі
Көмір сүзгісінің толу уақыты тағам пісірудің түрі мен май сүзгісінің қаншалықты жиі
тазаланғанына байланысты болады. Белсендірілген көмір сүзгісін жууға болмайды,
қалпына келтіруге болмайды және қолданылуына байланысты әр 4/6 ай сайын
немесе қолданылу жиілігіне байланысты ауыстыру керек.
6.2 Май сүзгісін тазалау
Сүзгілерді орнату үшін қарама-қарсы
жақтарында қысқыштар мен қадауыштар
пайдаланылған.
Сүзгіні тазалау үшін:
1. Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгі
панеліндегі бекіту қысқышының
ұстағышын басыңыз (1).
119
Содержание DBB3651M
Страница 264: ...867382037 A 032023 ...