50
4. Қажет болса, сыртқы және ішкі дыбыс
үшін (A:6) қосқышын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Ұяшық шығыс қуат сымынан 10°
бұрышта орналасады!
6.2.
VOX (ДАУЫСПЕН
БАСҚАРЫЛАТЫН ТАРАТУ)
6.2.1.
РАЦИЯНЫҢ КІРІСТІРІЛГЕН
ДАУЫСПЕН БАСҚАРУ (VOX)
ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН:
1. Рация VOX функциясына
бағдарламаланған болуы керек. (Қосымша
ақпарат алу үшін рация дилерімен
хабарласыңыз.)
2. PTT түймесін басып тұрыңыз да, рацияны
іске қосыңыз. Түймені VOX функциясы
іске қосылғанын көрсететін үн шыққанша
басып тұрыңыз.
6.2.2.
VOX ФУНКЦИЯСЫН ӨШІРУ ҮШІН:
1. Рацияны өшіріңіз.
2. Рацияны PTT түймесін баспай-ақ қайта
іске қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
VOX сигналын тарату кезінде сіз
гарнитурадан өз дауысыңызды естуіңіз керек.
6.3.
ІШКІ/СЫРТҚЫ ҚОСҚЫШ (ЕГЕР
ЖАБДЫҚТАЛСА)
(A суреті)
Бұл қосқыш (A:6) рациядағы немесе
гарнитурадағы динамиктің және
микрофонның жалғануын басқарады.
Әртүрлі рацияларда бұл әртүрлі жолмен
орындалады:
• Сыртқы (EXT): Дыбысты адаптер арқылы
қабылдау.
• Ішкі (INT): Дабысты рацияның динамигі
арқылы қабылдау.
7.
ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР ЖӘНЕ
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Артикул нөмірі
Атауы
TKD5005/SP
Бекіту қысқышы
TKD5011/SP
Бекіту қысқышы, жұқа
8.
САҚТАУ
• Қолданар алдында және одан кейін
өнімді таза және құрғақ жерде сақтаңыз.
• Өнімді әрдайым өзінің қабында сақтаңыз,
оны тікелей қызу көзінен немесе күн
сәулесінен, шаң мен зиянды химиялық
заттардан аулақ ұстаңыз.
• Сақтау температурасының ауқымы:
–20°C (–4°F) - 40°C (104°F).
• Салыстырмалы ылғалдылық: <90%.
9.
БЕЛГІЛЕР
Бұл тарау жалпы сипаттама беруге арналған
және жапсырмаларда, қаптамада және/
немесе өнімнің өзінде кездесетін әртүрлі
таңбалардың мағынасын түсіндіреді.
Таңба
Сипаттама
Жаңбырдан қорғаңыз
және құрғақ жерде
сақтаңыз
(ылғалдылық 85%
аспауы тиіс).
Өнім сақталатын
жердің максималды
және минималды
температура шектері.
Пайдалану
нұсқауларына
қатысты ақпарат.
Құрылғыны
пайдалану кезінде
пайдалану
нұсқауларын ескеру
қажет.
KZ
Содержание PELTOR FL5000 Series
Страница 1: ...TM Adapter FL5000 Series ...
Страница 2: ...A 1 A 3 A 2 A 4 A 5 A 6 A OVERVIEW ...