18
ҚазаҚша
–
Жұмыс беті (2) белгіленген температураға дейін
қызғанда, көрсетілім тақтасындағы (5) температураның
жанып сөнетін таңбалары тұрақты жанып тұрады.
–
Қысу тұтқасын (4) басыңыз, шаш тарамының ұшын
жұмыс бетіне (2) салыңыз және қысу тұтқасын (4)
жіберіңіз. Ұштамадан (1) және қолсаптан (8) ұстап,
шаш тарамын жұмыс бетін (2) айналдыра ораңыз.
–
Біршама уақыт күтіңіз, содан кейін қысу сабына (4)
басыңыз және тарамды босатыңыз.
–
Берілген рәсімді қалған шаш тарамдарына
қайталаңыз.
Ескерту
:
–
алғашқы пайдаланған кезде бөтен иіс және түтіннің
біршама мөлшері пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты
құбылыс.
–
құрылғы жұмыс істеген кезде жұмыс бетіне (2)
қолыңызды тигізбеңіз, құрылғыны бі қолыңызбен
ұштамасынан (1), ал екінші қолыңызбен қолсаптан
(8) ұстаңыз.
–
жұмыс уақытындағы үзілістерде құрылғыны тұғырға
(3) түзу термотөзімді бетке орнатыңыз.
–
шашты бұйраланғаннан кейін бірден тарамаңыз,
шашқа салқындауға уақыт беріңіз, шаш үлгісі
үйлесімді көрінуі үшін ірі шаш тарамдарын анағұрлым
ұсақтарына ұқыпты бөліңіз.
–
Жұмысты аяқтап, батырманы (7) басып және ұстап
тұрып, құрылғыны сөндіріңіз, көрсетілім тақтасындағы
(5) температураның таңбалары сөнеді, желілік баусым
ашасын электрлік ашалықтан шығарыңыз.
Ескерту:
егер 60 минут бойы температураны
белгілеу батырмалары (6) «–/+» басылмаған болса,
электрқысқаштар автоматты сөнеді.
–
Құрылғыны тұғырға (3) түзу термотөзімді бетке
орнатыңыз және оған салқындауға уақыт беріңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
–
Тазалау алдында құрылғыны желіден ажыратыңыз
және толық суытылуына уақыт беріңіз
–
Құрылғыны, желілік бауды және желілік баудың
айыртетігін суға және басқа сұйықтықтарға матыруға
тыйым салынады.
–
Аспапты тазалауға қажайтын жуғыш заттарды,
сонымен қатар қандай да бір еріткіштерді пайдалануға
тыйым салынады.
–
Құрылғы корпусын жұмсақ, сәл ылғалды матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
IM VT-8422.indd 18
28.07.2017 11:22:32