
16
ҚазаҚша
ЭЛЕКТРҚЫСҚАШТАР
VT-8295
Электрқысқыштар құрғақ және ылғалды шаштарды
бұйралау үшін пайдаланылады.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Ұштық
2.
Жұмыс беті
3.
Тұғыр
4.
Шашқа арналған қысу тұтқасы
5.
Жарықтық көрсеткіш
6.
Қоректендіру сөндіргіші «
»
7.
Қолсабы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
–
Аспапты ванна бөлмесінде, душта, бассейнде және т.
б. су маңында пайдалануға болмайды.
–
Құрылғыны жуынатын бөлмеде пайдаланғаннан кейін
оны бірден электр желісінен ажыратып қойыңыз, ол
үшін желілік баусым айыртетігін электрлік ашалықтан
ажырату керек, өйткені судың жақын тұруы құрылғы
сөндіргіш арқылы сөндірулі болған жағдайда да қауіпті
болып саналады.
–
Қосымша қорғаныс үшін жуыну бөлмесіндегі
қоректендіру тізбегіне қорғаныс ажыратылу
құрылғысын (ҚАҚ) 30 мА-ден аспайтын номиналды
іске қосылу тоғымен орнатқан дұрыс; орнатқан кезде
маманға хабарласқан жөн.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электраспабын пайдалану алдында аталмыш
нұсқаулықты мұқият оқып шығып, оны анықтамалық
материал ретінде қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
дұрыс пайдаланбау жағдайы оның бұзылуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлігіне зиян келтіруіне
әкелуі мүмкін.
• Іске қосу алдында, аспаптың жұмыс істеу кернеуі
желідегі кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Су шашты немесе синтетикалық париктерді бұйралау
үшін құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Шашқа арналған лакты шашты бұйралағаннан кейін
ғана жағыңыз.
IM VT-8295_70x130.indd 16
28.05.2019 9:39:36