19
ҚазаҚша
• Құралды орамнан шығарыңыз және құралдың
жұмысына кедергі келтіретін кез-келген жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз.
• Желілік бауды толық тарқатыңыз.
• Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінулер болғанда
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Іске қосу алдында аспаптың жұмыс кернеуі электр
желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
ШАШТЫ «ГОФРЕ» ТҮРІНДЕ РЕТКЕ КЕЛТІРУ
• Аспапты тек сау, боялмаған және жасанды жолмен
бұйраланбаған шашқа ғана пайдалану керек.
• Егер шаштар боялған немесе химиялық бұйраланған
болса, онда аспап сирек пайдалану ұсынылады.
• Ең жақсы нәтижеге жету үшін шаштар таза және
құрғақ болуы керек.
• Электрқысқышты ашыңыз, ол үшін жұмыс тілімдерін
(1) қысып, бекіткішті (5) оңға қарай жылжытыңыз.
• Желілік баусымның айыртетігін электрлік ашалыққа
салыңыз.
• Құрылғыны іске қосыңыз, бұл үшін қоректендіру
сөндіргішін (4) «I» күйіне белгілеңіз, осы кезде
көрсеткіш (3) жанады.
Ескерту: Алғашқы пайдалану кезінде қыздырғыш
элементтен иіс пайда болуы мүмкін, бұған жол беріледі.
• Тегіс таралған шаштарды біркелкі ені бар тарамдарға
(2 см таяу етіп) бөліңіз.
• Шаш тарамын тілімдер (1) арасына салыңыз.
• Жұмыс тілімдерінің (1) арасына шашты тамырларының
қасынан қысыңыз және шаш тарамының бүкіл
ұзындығы бойынша бұйралар жасаңыз.
• Құрылғымен шаш тарамы бойынша сырғымаңыз, ал
жұмыс тілімдерін (1) бұйра жасау үшін қысыңыз.
МАҢЫЗДЫ: ешбір жағдайда тілімдерді шаш тарамының
бір бөлігінде 2 секундтан артық ұстамаңыз.
• Осыдан кейін келесі тарамға кірісіңіз.
• Соңғы ретке келтіру немесе лакты жағу алдында
шашыңызды салқындатып алыңыз.
• Құрылғының ыстық беттерінің бетпен, мойынмен және
басқа дене бөліктерімен жанасуына жол бермеңіз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін қоректендіру
сөндіргішін (4) «O» күйіне белгілеңіз, желілік баусым
ашасын электрлік ашалықтан шығарыңыз. Құрылғыға
салқындауға уақыт беріңіз.
IM VT-8291.indd 19
07.09.2018 15:02:33