![Vitek VT-2636 Manual Instruction Download Page 15](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-2636/vt-2636_manual-instruction_1035572015.webp)
15
ҚазаҚша
қызуын күтіңіз, көрсеткіш (8) жанғанда,
өнімдерді әзірлеуге кірісуге болады.
–
Өнімдерді екі жұмыс бетінде (3 және 4)
әзіреңіз.
•
Өнімдерді әзірлеп болғаннан кейін
температура реттегіш (9) тұтқасын
«MIN»
күйіне орнатыңыз және желі баусымы
айырын розеткадан шығарыңыз.
•
Аспапты тазалауды жүргізу алдында, оның
толық салқындауын күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
•
Алынбалы жұмыс беттерін (3 және 4)
орнатпай грильді қосуға тыйым салынады.
•
Өнімдерді әзірлеу уақытында майды
жинауға арналған сыйымдылықты (1)
әрқашан орнатыңыз.
•
Жұмыс беттерін (3 және 4) қыздыру
кезінде грильді ашпаңыз, жабық күйінде
жұмыс беттері (3 және 4) тегіс әрі жылдам
қыздырылады.
•
Абай болыңыз: – жұмыс кезінде гриль корпусы
өте қатты қызады. Күйіктерді болдырмау үшін
ыстық беттерге тиіспеңіз, грильді ашу кезінде
тек тұтқадан ғана (5) ұстаңыз.
•
Абайлық сақтаңыз және жұмыс беттері
(3 және 4) арасындағы саңылаулардан
шығатын будан сақтаныңыз. Қолдарыңызды
және дененің өзге ашық жерлерін жұмыс
беттеріне (3 және 4) жақындатпаңыз.
•
Грильді еріту және мұздатылған өнімдерді
әзірлеу үшін қолданбаңыз.
•
Ірі сүйектері бар еттерді әзірлемеңіз.
•
Әзірлеу
ұзақтығы
пайдаланылатын
өнімдерге байланысты болады.
•
Өнімдерді тамаққа тұтыну алдында,
олардың толық қуырылғандығына көз
жеткізіңіз.
•
Өнімдерді әзірлеп болған соң бірден
шығарыңыз, іске қосулы грильде өнімдердің
ұзақ уақыт қалуы олардың тұтануына әкелуі
мүмкін.
•
Әзірленген өнімдерді үшкір металл заттарды
пайдаланып шығаруға тыйым салынады,
олар жұмыс беттерінің (3 және 4) күюге
қарсы қабаттарын бүлдіруі мүмкін. Әрқашан
күюге қарсы қабаты бар ыдыстарға арналған
ағаш немесе пластикалы аксессуарларды
қолданыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
–
Грильді әр пайдаланған сайын тазалап
отырыңыз.
–
Грильмен жұмысты аяқтағаннан кейін,
температура реттегіш (9) тұтқасын
«MIN»
күйге белгілеңіз және желі баусымының
айырын розеткадан шығарыңыз.
–
Жұмыс беттерін (3 және 4) толығымен
ашыңыз, грильдің бөлме температурасына
дейін сууын күтіңіз.
–
Кезекпен жұмыс беттерін (3 және 4) шешіп
алыңыз, ол үшін бекіткіштерді (2 және 7)
жылжытыңыз.
–
Жұмыс беттерінен (3 және 4) өнімдер
қалдықтарын жойыңыз, жұмыс беттерін (3
және 4) бейтарап жуғыш заты бар жылы
сумен жуыңыз, содан кейін жақсылап
құрғатыңыз.
–
Гриль корпусын жұмсақ сәл дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
–
Майды жинауға арналған сыйымдылықтан
(1) майды төгіңіз, сыйымдылықты (1)
бейтарап жуатын құрал қосылған жылы
сумен жуыңыз, артынан құрғатып сүртіңіз.
–
Жұмыс беттерін (3 және 4) орнына
орналастырыңыз.
–
Гриль корпусының жұмыс беттерін (3
және 4) тазалау үшін қажайтын жуғаыш
заттарды, еріткіштерді немесе металл
ысқыштарды
пайдалануға
тыйым
салынады, себебі олар күюге қарсы
қабатты немесе гриль корпусының сыртқы
бетін бүлдіруі мүмкін.
–
Ешқашан грильді, желі баусымын және
желілік баусымының айырын суға салмаңыз!
–
Шешілмелі жұмыс беттерін (3 және 4) ыдыс
жуатын машинада жууға болады.
Назар аударыңыз!
Электр тоғы соққысын
болдырмау үшін, құрылғыны суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз.
САҚТАЛУЫ
•
Құрылғыны ұзақ уақыт сақтауға жіберу
алдында грильді тазартыңыз.
•
Құрылғыны құрғақ және салқын, балалар
мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖАБДЫҚТАЛУЫ
Гриль-пресс – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50 Гц
Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 2000 Вт
IM VT-2636.indd 15
16.10.2018 15:24:27