18
ҚазаҚша
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны суық (қысқы) жағдайда тасымалдау
немесе сақтаудан кейін оны бөлме температурасында
3 сағаттан кем уақыт ұстау қажет.
• Құрылғыны қаптамадан шығарыңыз және құрылғының
жұмыс жасауы үшін кедергі келтіретін, кез-келген
жапсырмаларды алып тастаңыз.
• Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінген жерлері
болған кезде құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны қосар алдында электрлік желі кернеуінің
құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес келетіндігіне
көз жеткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
Сәндеу алдында шашты сусабынмен жуып, фенмен
кептіріңіз және тараңыз.
Ескерту:
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны қандай да бір бетке
қоймаңыз, ілгекке (4) іліңіз, жұмыс пластиналары мен
сыртқы жұмыс беттерінің жеңіл еритін немесе жеңіл
тұтанатын заттармен түйісуін болдырмаңыз.
• Алғаш пайдаланғанда жұмыс пластиналарынан
бөгде иіс білінуі немесе аз мөлшерде түтін шығуы
ықтимал, оған жол беріледі.
• Назар аударыңыз! Корпустың сыртқы беті
қатты қызады, сондықтан аспап корпусының
бетін тек қолсап (2) аймағында ұстауға
болады.
• Құрылғының ыстық бетінің бет, мойын және дененің
басқа ашық тұстарымен түйісуін болдырмаңыз.
• Шашты сәндегеннен кейін бірден тарамаңыз,
оларды суытыңыз. Сәндеу табиғи көріну үшін
шашты абайлап саусақпен бөліңіз.
• Жұмыс пластинасын пішіңіз (1) бұл үшін оларды
қысыңыз және күйінде бекіткішті (3) орнатыңыз.
• Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына сұғыңыз.
• Құрылғыны қосу үшін сөндіргішті (5) «ON» күйіне
орнатыңыз, осыған қоса индикатор (6) жанады.
• Құрылғыны ілгекке (4) іліп қойыңыз.
• Құрылғыны бірнеше минут ұстап қызғанын күтіңіз.
• Жұмыс пластиналары жұмыс температурасына
дейін қыздырылатын бірнеше минуттан соң шашты
тікейтуге кірісуге болады.
• Шашты ені 4-5 см аспайтын талдарға бөліңіз.
VT-2317.indd 18
13.10.2017 15:43:50