18
ҚАЗАҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
шырынсыққыштың
үздіксіз жұмыс істеуінің максималды мүмкін
уақыты - 2 минуттан көп емес содан кейінгі 2
минуттан аз болмайтын үзіліспен.
• Шырынсыққышты пайдаланып болғаннан
кейін батырманы (7) «O» күйіне орнатып,
оны сөндіріңіз, үккіш-сүзгіштің (3)
айналуының толық тоқтауын күтіңіз жəне
желілік баудың айыртетігін ашалықтан
суырыңыз.
• Шырынсыққышты бөлшектеуді жəне
тазалауды оны əр пайдаланғаннан кейін
жүзеге асырыңыз:
- Итергішті (1) қақпақтың аузынан (2)
шығарыңыз.
- Қақпақты (2) босатып, бекіткіштерді (6)
тқменгі жағынан тартыңыз.
- Қақпақты (2) шешіңіз.
- Шырынжинауышты (4) үккіш-сүзгішпен (3)
бірге шешіңіз.
- Барлық пайдаланылған бөлшектерді жұмыс
бітісімен тазалаңыз жəне жуыңыз..
Пайдалы кеңестер
Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді
пайдаланыңыз, себебі оларда шырын көбірек
болады.
• Шырынды дайындау үшін əртүрлі
көкөністерді (сəбіз, қияр, қызылша,
балдыркөк сабақтары, саумалдық,
қызандарды) немесе жемістерді
(алмаларды, жүзімді, ананастарды)
пайдалануға болады.
• Қабықты немесе жұқа қабықшаны
тазалаудың қажеті жоқ, тек қалың
қабықты (мысалы, ананастардан немесе
қызылшадан) тазалау керек.
• Алманың шырынын дайындаған кезде, оның
қанықтылығы пайдаланылатын алмалардың
сұрпына байланысты екенін есте сақтаңыз.
• Сіздің талғамыңызға неғұрлым сəйкес
келетін шырынды беретін алма сұрпын
таңдаңыз. Шырынды жемістерден
қабығымен сығыңыз. Ортасын тазалау
міндетті емес.
• Алма шырыны тез қараяды, оған бірнеше
тамшы лимон шырынын тамызыңыз- бұл
шырынның қараю процесін тоқтатады.
• Шырынды дайындаған мезетте ішіңіз.
Ашық ауада ұзақ сақтаған кезде шырын
өзінің дəмдік қасиеттерін жəне тағамдық
құндылығын жоғалтады.
• Егер шырын тоңазытқышта сақталатын
болса, ол тоңазытқышта сақталатын
азық- түліктің өзге иістерін сіңіріп алмауы
үшін, оны қақпағы бар таза бөтелкеге
құйыңыз. Шырынды металл ыдыста сақтау
ұсынылмайды, себебі ол сəйкес дəмге ие
болуы мүмкін.
• Шырынсыққышта банандар, папайя,авокадо,
інжір, өрік, манго, қызыл жəне қара
қарақат сияқты крахмалы немесе пектині
көп жемістерді өңдеу ұсынылмайды.
Бұл жемістерді өңдеу үшін асханалық
аспаптарды пайдаланыңыз.
• Шырынсыққыш кокос, рауғаш немесе беке
сияқты өте қатты жəне талшықты азық-
түлікті өңдеуге арналмаған.
ШЫРЫНСЫҚҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ
• Жұмыс істеп болғаннан кейін немесе
тазалау алдында аспапты əрқашан
сөндіріңіз жəне оны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Шешілмелі бөлшектерді құрылғымен жұмыс
істеп болған мезетте бейтарап жуғыш заты
бар жылы сумен жуу ұсынылады.
• Үккіш-сүзгіштің (3) саңылауларын теріс
жағынан жуған ыңғайлы. Үккіш-сүшгішті
жуған кезде сақ болыңыз, үккіштің өткір беті
бар. Үккіш-сүзгішті жуу үшін ыдыс жуатын
машинаны пайдаланбаңыз.
• Шырынжинауышты (4) тазалау уақытында
шырынды құюға арналған шүмекті (5)
шешуге болады.
• Шырынсыққыштың моторлық блогын (9)
дымқыл матамен сүртіңіз. Моторлық блокты
суға батыруға немесе су ағынының астында
жууға тыйым салынады.
• Қатты ысқыштарды, қажайтын, агрессивті
тазалағыш заттарды, сонымен қатар
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
• Кейбір азық-түліктер, мысалы, сəбіз,
қызан немесе қызылша шырынсыққыштың
пластмасс бөлшектерін бояуы мүмкін.
Дақтарды өсімдік майына матырылған
құрғақ матамен жоюға болады, одан кейін
бөлшектерді жұмсақ жуғыш заты бар жылы
суда жуу жəне кептіру қажет.
САҚТАУ
• Аспапты сақтауға салып қою алдында,
аспап электр желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
• ШЫРЫНСЫҚҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ тарауының
талаптарын орындаңыз.
1635.indd 18
1635.indd 18
07.12.2010 14:13:44
07.12.2010 14:13:44