14
ҚАЗАҚ
АСХАНА КОМБАЙНЫ
АСХАНА КОМБАЙНЫН ҚОЛДАНУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы нұсқаулықпен жете танысып
алыңыз.
1) Электр тоғына түсіп қалмау үшін негізгі
корпусты суға немесе қандай да бір
сұйықтыққа салмаңыз.
2) Егер жұмыс істеп тұрған комбайнның
жанында балалар болса, ерекше көңіл
бөліңіз.
3) Аспапты
қолданбаған
жағдайда,
сонымен қатар саптамаларды,
дисктерді ауыстырған кезде немесе
комбайнды тазалап жатқан кезде
аспапты желіден ажыратыңыз.
4) Жұмыс кезінде комбайнның қозғалып
тұрған бөліктеріне тақалмаңыз.
Жарақат алу ықтималдығын азайту
үшін жəне механизмнің бұзылуын
болдырмау үшін комбайн жұмыс
істеп жатқан кезде оның дисктерінің
жəне басқа саптамалардың қозғалу
аймағына сіздің қолыңыз, киіміңіз,
сонымен қатар айнылдыру күрекшелері
жəне басқа да асхана жабдықтары
тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
5)
Сымы немесе ашасы зақымданған
комбайнды қолдануға болмайды.
Ақаулықтар болған жағдайда,
сонымен қатар егер Сіз комбайнды
жерге құлатып алсаңыз немесе оның
қандай да бір бөліктерін сындырып
алсаңыз оны пайдаланбаңыз. Бұндай
жағдайларда аспапты қарау, жөндеу,
электрлік немесе механикалық реттеу
үшін сіз оны сервистік орталыққа
апаруыңыз қажет.
6) Өрт болмас үшін, электр тоғына түсіп
қалмау үшін немесе жарақат алмау
үшін тек өндірушімен ұсынылған
немесе сатылатын бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Белгілі бір
өнімдерге сəйкесінше саптамаларды
қолданыңыз.
7) Комбайнды бөлмеден тыс
қолданбаңыз.
8)
Желілік сымы үстел үстінде ілініп
тұрмауын қадағалаңыз.
9) Жуу алдында комбайннен дисктерді
жəне саптамаларды алыңыз.
10)
Дисктер мен пышақтар өте өткір.
Оларды ұстағанда сақ болыңыз.
11)
Комбайнды іске қосар алдында
шырын сыққыштың қақпағы дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
12) Жұмыс істеп тұрған шырын сыққыштың
беру бөліміне бармақтарыңызды
немесе қандай да бір басқа заттарды
салмаңыз. Беру бөлімінде жемістер
немесе көкөністер тұрып қалса,
онда итергішті немесе жемістер
мен көкөністердің бөліктерін
пайдаланыңыз. Егер ондай əдіспен
тұрып қалған көкөністер мен
жемістерді алу мүмкін болмаса,
онда комбайнды өшіріңіз, шырын
сыққыштың қақпағын алып, оларды
оның ішінен шығарыңыз.
13) Кесу
дисктерін
орнату
алдында
жарақат алу ықтималдығын азайту
үшін негізгі корпуста жұмыс ыдысын
берік бекітіңіз.
14)Саптамаларды шешудің
алдында қозғалтқыш толығымен
тоқтағанына жəне комбайн желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
15)
Комбайнды пайдалану алдында
ыдыс қақпағы өз орнында дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Комбайнмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік
ережелерін орындаңыз, қақпақты ашпас
бұрын қозғалтқыш жұмысының толық
тоқтауын күту қажет.
Комбайн ондағы барлық жинақтаушы
бөліктер дұрыс орнатылған жағдайда
ғана жұмыс істейтін болады.
БІРІНШІ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
14
1604.indd 14
1604.indd 14
28.07.2008 14:21:23
28.07.2008 14:21:23