26
ҚазаҚша
•
Әзірленген түтікшелер салындымен толты-
рылады, шеттері қысылады, түтікшелерге
қажетті пішін беріледі.
•
Түтіктер фритюрде әзірленеді.
БЛЕНДЕР ҚОНДЫРМАСЫ
БЛЕНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Блендер
тағамдарды
ұсақтауға,
мұзды
жаруға, түрлі ингредиенттерді араластыруға,
коктейльдерді әзірлеуге пайдаланылады.
•
Қақпақты (13) жоғары бағытқа қарай шешіңіз
(сур. 8).
•
Блендер тостағанын (25) мотор блогіне
(8) орнатыңыз және оны сағат тіліне қарай
тірелгенге дейін бұрыңыз, тостаған (25)
қолсабы (26) мотор блогінің (8) оң жағында
орналасуы қажет (сур. 9).
•
Блендер тостағанының қақпағын (24) шешіп
алыңыз.
•
Қажетті ингредиенттерді тостағанға (25)
салыңыз.
•
Блендер тостағанын (25) қақпақпен (24)
жабыңыз, қақпақ (24) саңлауына мөлшерлегіш
стақаншасын (23) салыңыз.
•
Тағы да блендер тостағаны (25) дұрыс
орнатылып, бекітілгеніне көз жеткізіп алыңыз.
•
Желі бауының ашасын электр розеткаға
тығыңыз.
Ескертпе:
- егер (25) блендер тостағаны
дұрыс орнатылмаса, асүйлік комбайн қосыл-
майды.
•
Жұмыс режимдері ауыстырғышын (11) бұрау
арқылы асүйлік машинені қосыңыз, қажетті
жылдамдықты орнатыңыз «1-ден 6-ға»
дейін немесе жұмыстың «Р» импульстік
режимін.
«1» (төменгі жылдамдық) – сұйық өнімдерді
араластыру үшін.
«6» (жоғарғы жылдамдық) – сұйық және қатты
өнімдерге арналған.
«Р» – жұмыстың импульстік режимі.
•
Жұмыстың импульстік режимін іске қосу үшін
ауыстырғышты (11) «P» күйіне ауыстырып,
бірнеше секунд ұстап тұрыңыз.
•
Блендер жұмысы кезінде немесе үзілістерде
тостағанға (25) қажетті ингредиенттерді қосуға
болады. Ол үшін мөлшерлегіш стақаншаны
(23) шығарыңыз, стақаншаны (23) қажетті
сұйық ингредиенттерді қосуға арналған
сыйымдылық ретінде пайдалануға болады.
Ингредиенттерді қосқаннан кейін стақаншаны
(23) орнына орналастырыңыз.
•
Жұмысты аяқтағаннан кейін, жұмыс режимінің
ауыстырғышын (11) «0» күйіне қойыңыз,
желі бауының ашасын электр розеткасынан
суырыңыз, және содан кейін ғана блендер
тостағанын (25) шешіп алуға болады.
•
Блендер тостағанын (25) мотор блогінен (8)
сағат тіліне қарсы бұрап отырып шешіп
алыңыз.
•
Тостағаннан (25) қақпақты (24) шешіп алыңыз
да тостағаннан (25) өңделген өнімдерді
шығарыңыз.
•
Жұмысты аяқтағаннан соң блендер тоста-
анын (25) жуып жіберіңіз.
Ескертпе:
- егер өнімдерді өңдеу қиындаса,
блендер тостағанына (25) біраз мөлшерде
сұйықтық (су, қайнатпа, шырын) құйыңыз.
•
Ұсақтау/араластыру
үдерісін
бастау
алдында, жемістердің қабығын аршу,
сүйектер сияқты желінбейтін бөліктерді жою,
жемістерді үлкендігі 2х2 см текшелере турау
ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Блендердің үздіксіз жұмыс
істеу ұзақтығы 30 секундтен аспауы тиіс, ал
іске қосу арасындағы үзіліс кемінде 5-тен 10
минутке дейін болуы керек.
•
Блендер тостағанын (25) шешіп алғаннан
соң, қақпақты (13) орнына орнатыңыз, егер
қақпақ (13) орнатылмаса, асүйлік машине
қосылмайды.
Ескертпе:
- егер асүйлік машине қосылмаса,
жұмыс режимін ауыстырғышын (11) күйіне «0»
қойыңыз, қақпақты (13) көтеріңіз және түсіріңіз,
ауыстырғышты (11) қысқа мерзімге кез келген
күйге «1----6» қойып, жұмыс істеуін тексеріп
көріңіз.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
Егер электр мотордың жұмыс температурасы
шамадан тыс асып кетсе, қызып кетуден қорғаныс
жүйесі асүйлік машинені сөндіреді. Егер жұмыс
істеу барысында, асүйлік машине сөніп қалса,
жұмыс режимдері ауыстырғышын (11) «
0
»
күйіне орнатыңыз, желі бауының ашасын электр
розеткасынан суырыңыз.
Асүйлік машинені 30-40 минут бойы суытыңыз,
содан кейін қайта қосыңыз.
Көрсетілген жұмыс уақытынан аспаңыз және
асүйлік машине жұмыс істеп тұрған кезде оны
өнімдермен шамадан асыра жүктемеңіз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
–
Құрылғыны сөндіріңіз және желі бауының
ашасын электр розеткасынан суырыңыз.
–
Қондырмаларды (1, 2 немесе 3), тостағанды (5),
бейтарап жуу құрал қосылған жылы суда
жуыңыз, содан соң оларды кептіріңіз.
IM VT-1439.indd 26
29.11.2018 17:22:11