19
ҚАЗАҚША
ШАШТЫ ТҮЗЕТУ
•
Аспап ұзын шашқа да, қысқа шашқа қолданылуы мүмкін.
•
Аспапты сау, боялмаған және жасанды жолмен
бұйраланбаған шаштарға, немесе арнайы түзететін
заттарсыз пайдаланыңыз.
•
Егер шаштар боялған немесе химиялық бұйраланған
болса, онда аспап сирек пайдалану ұсынылады.
•
Ең жақсы нәтижеге жету үшін шаштар таза және құрғақ
болуы керек.
•
Бекіткішті (1) жылжытып, түзеткішті ашыңыз.
•
Аспапты түзу, тұрақты және термотөзімді бетке қойыңыз.
•
Желілік баусымның айыртетігін электрлік ашалыққа
салыңыз, осы кезде дисплейде (5) «OFF» таңбалары
көрсетіледі.
•
Құрылғыны іске қсоыңыз, бұл үшін іске қосу/сөндіру
батырмасын (2) басып ұстап тұрыңыз, осы кезде
дисплейде (5) шарт бойынша «190°С» белгіленген
жұмыс тілімдерінің қызу температурасы және дисплейдің
(5) сол жағынан баған жанады және жанып-сөніп тұрады.
Ескерту: Алғашқы пайдалану кезінде қыздырғыш
элементтен иіс пайда болуы мүмкін, бұған жол беріледі.
•
Қажет болған кезде жұмыс тілімдерінің қажетті қызу
температурасын батырмаларды (3) басып белгілеңіз.
Шаш түрі
Температура
Бүлінген, боялған,
түссіздендірілген, жұқа
+150°С-ден +180°С-ге дейін
Қалыпты
+180°С-ден +210°С-ге дейін
Кәсіби ретке келтіру үшін
+210°С-ден +230°С-ге дейін
•
Жұмыс тілімдері белгіленген температураға дейін
қызған кезде дисплейдегі (5) температураның санды
көрсетілімдері тұрақты жанып тұрады және қызу бағаны
да тұрақты жанып тұрады.
•
Тегіс таралған шаштарды біркелкі ені бар тарамдарға
(5 см таяу етіп) бөліңіз.
•
Шаш тарамын тілімдер (4) арасына салыңыз.
•
Құрылғыны қолсабынан ұстаңыз және тілімдерді (4)
қысыңыз.
•
Асыра күш салмаңыз, жұмыс тілімдерін (4) шаш
тарамдарының ұшына дейін жүргізіңіз.
МАҢЫЗДЫ: ешбір жағдайда тілімдерді шаш тарамының
бір бөлігінде 2 секундтан артық ұстамаңыз.
•
Осыдан кейін келесі тарамды түзетуге көшіңіз.
•
Соңғы ретке келтіру немесе лакты жағу алдында
шашыңызды салқындатып алыңыз.
•
Құрылғының ыстық беттерінің бетпен, мойынмен және
басқа дене бөліктерімен жанасуына жол бермеңіз.
IM VT-1333_70x130.indd 19
8/27/20 11:24 AM