17
ҚАЗАҚША
ШАШ ТҮЗЕТКІШ VT-1331
Құрылғы шашты түзетуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Жұмыс пластиналары
2.
Дисплей
3.
Температураны ұлғайту батырмасы «+»
4.
Температураны азайту батырмасы «-»
5.
Қосылу/сөндірілу батырмасы
6.
Тұтқа
7.
Жұмыс пластиналарының бекіткіші
8.
Ілуге арналған ілмек
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Суы бар ыдыстардың қасында бұл аспапты пайда-
ланбаңыз (қолжуғыш, ванна және т.с.с.).
• Құрылғыны жуыну бөлмесінде пайдаланған кезде,
оны пайдаланып болғаннан кейін, аспапты желіден
сөндіру, яғни желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажырату керек, себебі судың жақындығы құрылғы
айырғышпен сөндірілген кезде де қауіп төндіреді;
• Қосымша қорғану үшін ванна бөлмесінің қуат тізбегіне
30 мА-ден аспайтын номиналды жұмыс істеу тоғы бар
қорғаушы сөндіргіш құрылғыны (ҚСҚ) орнатып қойған
жөн; орнату кезінде маманды шақыру керек;
• Жұмыс істейтін құрылғыны қандай да бір бетке
қоймаңыз, оны ілгекке (8) іліңіз. Қызып тұрған
жұмыс пластиналары мен пластиналары сыртқы
беттерінің жеңіл еритін немесе жеңіл тұтанатын
заттарға (пластмасса, полиэтилен, синтетикалыөқ
материалдар және т.б.) жанаспауын қадағалаңыз.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалануды бастамас бұрын пайдалану
жөніндегі осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және оны
анықтама материалы ретінде қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс
пайдаланбау оның бұзылуына, тұтынушыға немесе оның
мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
• Іске қосар алдында электр желісінің кернеуі құрыл-
ғының жұмыс кернеуіне сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқашан қараусыз
қалдырмаңыз.
IM VT-1331.indd 17
10/13/20 1:04 PM