21
ҚАЗАҚ
2. Құмыраны (39) орнатыңыз.
3. Алдын ала қорғау қаптамасын (31) шешіп,
құмыраға (39) пышақты (33) орнатыңыз.
Қосымша пышақты (32) пайдаланған
кезде: пышақтан (32) қорғау қаптамасын
(31) шешіңіз жəне оны негізгі пышақтың
(33) үстіне орнатыңыз.
4. Құмыраға (39) қажетті мөлшердегі
өнімдерді салыңыз.
5. Құмыраны (39) тығыздағыш сақина (30)
кигізілген қақпақпен (29) жабыңыз.
6. Қақпаққа (29) мөлшерлегіш-тығынды (28)
орнатыңыз.
7. Бастиекті (2) бұраңыз жəне үстінен басып,
оны жұмыс жағдайында бекітіңіз.
8. Желілік сымның ашасын розеткаға
салыңыз.
9. Тұтқаны (3) бұрап, процессорды қосыңыз
не болмаса «PULSE» батырмасын (4)
басып, импульсты режимді пайдаланыңыз.
10.Жұмысты аяқтағаннан кейін тұтқаны (3)
«Off» жағдайына ауыстырып, процессорды
өшіріңіз жəне желілік сымның ашасын
розеткадан шығарыңыз.
11. Батырманы (5) басыңыз, бұрылмалы
бастиек (2) сəл көтеріледі жəне бұрылады.
12.Қақпақты (29) шешіңіз, пышақты (33)
немесе екі пышақты қатар шығарыңыз,
қалақшаның (27) көмегімен құмырадан (39)
өнімдерді шығарыңыз.
Назар
аударыңыз:
• Қолыңызда пышақ ұстап тұрғанда абай
болыңыз, өйткені олардың кесу жиектері
өте өткір.
• Құмырада сұйық өнімдерді араластыру
кезінде олардың шашырауына жол бермеу
үшін олардың мөлшерін тым асырмаңыз.
Шырын сыққыш
1. Батырманы (5) басыңыз, бұрылмалы
бастиек (2) сəл көтеріледі жəне бұрылады.
2. Құмыраны (39) орнатыңыз.
3. Құмыраға (39) алмалы-салмалы
сепараторы (37) бар шырын сыққышты (38)
орнатыңыз.
4. Шырын сыққышты (35) тығыздағыш сақина
(36) кигізілген қақпақпен (35) жабыңыз.
5. Бастиекті (2) бұраңыз жəне үстінен басып,
оны жұмыс жағдайында бекітіңіз.
6. Желілік сымның ашасын розеткаға
салыңыз.
7. Тұтқаны (3) бұрап, процессорды қосыңыз
жəне пайдаланылатын жемістер мен
көкөністерге байланысты қажетті
айналу жылдамдығын орнатыңыз.
Өнімдерді тыққылау үшін итергішті (34)
пайдаланыңыз. Өнімдерді тыққылау үшін
итергішке сəл басу жеткілікті.
8. Жұмысты аяқтағаннан кейін тұтқаны (3)
«Off» жағдайына ауыстырып, процессорды
өшіріңіз жəне желілік сымның ашасын
розеткадан шығарыңыз.
9. Батырманы (5) басыңыз, бұрылмалы
бастиек (2) сəл көтеріледі жəне бұрылады.
10.Қақпақты (35) шешіңіз, шырын сыққышты
(38) шығарыңыз, алынған шырынды
құмырадан (39) басқа ыдысқа құйып
алыңыз.
ПРОЦЕССОРДЫ ТАЗАЛАУ
• Жұмысты аяқтағаннан кейін немесе
аспапты тазалаудың алдында аспапты
өшіріп, оны электр желісінен ажыратыңыз.
• Алмалы-салмалы бөлшектерді бейтарап
жуу құралы қосылған жылы суда жуу
ұсынылады. Алмалы-салмалы бөлшектерді
жуу үшін ыдыс жуу машинасын
пайдалануға болады.
• Процессордың корпусын ылғал шүберекпен
сүртіңіз. Аспап корпусын суға батыруға
немесе оны ағынды судың астында жууға
тыйым салынады.
• Қатты жуғыштарды, абразивті, агрессивті
тазалау құралдарын, сонымен қатар
еріткіштер пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
• Процессорды сақтау алдында оны электр
желісінен ажыратыңыз.
• ПРОЦЕССОРДЫ ТАЗАЛАУ бөлімінің
талаптарын орындаңыз.
• Үккіштерді/тілімдегіштерді жəне фри
картобын кесуге арналған пышақтарды
арнайы бөлімде (6) сақтаңыз.
Назар
аударыңыз!
Пышақтың жүздері
өте өткір болғандықтан олар аса қауіпті,
сондықтан оларды ұқыпты пайдаланыңыз!
• Аспапты құрғақ таза жерде сақтаңыз.
Өнімдерді өңдеу мысалдары
Көрсетілген өңдеу уақыты шамамен алынған,
ол өнімдердің сапасына жəне майдалау
дəрежесіне байланысты.
1618.indd 21
1618.indd 21
03.05.2007 11:57:00
03.05.2007 11:57:00