Tupperware компаниясының қызуға төзімді
UltraPro
қос ыдысын таңдауыңызбен
құттықтаймыз.
UltraPro
ыдысыңыз жоғарғы температураға төзеді және
оны шағын толқынды пеште және кәдімгі пеште тамақ әзірлеу немесе
мұздататын камерада тағам сақтау үшін пайдалануға болады. Негізгі
бекіткіші бар
UltraPro
қақпағын шағын табақшаға айналдыра аласыз
(UltraPro бақыраш өнімдерінен басқасы)
. Осы әмбебап және стильді кастрөл үстелде
жақсы қызмет атқаратын болады.
-25°C
+250°C
a f g J d s H
Қуат үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау үшін ыдыс-аяқ жуатын машинада
температурасы төмен бағдарламаларды пайдаланыңыз.
Пайдалану және күтім көрсету
•
Кәдімгі пеште пайдалануғ
а жарамды.
•
Шағын толқынды пеште пайдалануға жарамды. Көлемі үлкен болғандықтан
және шағын толқынды пеште көлемі үлкен тағамды қыздыруға қуат тиімсіз
жұмсалатындықтан, үлкен көлемді ыдыстарды пайдалану ұсынылмайды.
•
Бұйымның материалы 250°C-қа дейінгі температураға төзімді болады. Осы
температурада тамақ немесе нан пісіруді немесе 2 сағаттан артық пісіруді ұсынбаймыз,
себебі тағам сапасы нашарлап кетуі мүмкін.
•
Мұздататын камерада -25°C-қа дейінгі температураға төзімді болады.
•
Пеш үстінде немесе гриль астында немесе шағын пеште пайдаланбаңыз.
•
UltraPro
ыдысын қабырғалардан және пеш үстінен әрқашан кемінде 5 см аулақ ұстаңыз.
•
UltraPro
ыдысын әрқашан алдын ала толық қыздырылған (пеш салқын кезде емес)
пешке салыңыз.
•
Пешіңіздің алдын ала бағдарламаланған параметрлері гриль режиміне орнатылмағанын
әрдайым ескеріңіз.
•
Тұмшапештің температурасы UltraPro ең жоғарғы температурасынан (250°C)
аспайтынын әрдайым қадағалап отырыңыз. Ашық жалыны бар тұмшапештерді
қолданған кезде сақ болыңыз.
•
Кастрөлді пештен немесе шағын толқынды пештен алған кезде, қауіпсіздікке арналған
пеш қолғабымен екі қолыңызбен ұстаңыз. Қызу біркелкі таралу үшін ыдыс 4-5 минут
тұруы керек.
•
Буды басқа жаққа бағыттау үшін
UltraPro
қақпағын әрқашан өзіңізден әрі қарай
алыстатып ашыңыз.
•
Ішіндегі тамақты араластырғанда немесе ішінде тамақ салынған ыдысты
үстел үстінде орналастырғанда ас дайындау құралдары сияқты металл емес
құралдарды пайдаланыңыз. Ыдыстағы тамаққа ас дайындау құралдарын
пайдалану аздап сызық түсіретіндіктен силикон күрекшені пайдалануды
ұсынамыз. Сызықтар өнімнің өнімділігіне әсер етпейді және ол кепілдікте
қаралмайды.
•
Ыдысты nайдалану алдында тазалаңыз. Тамақ пісіру үшін пешке салмас бұрын ыдыс
пен оның қақпағынан кез келген тамақ шашырандылары мен дақтарын шүберекпен
сүртіңіз, себебі олар кеуіп, ыстық пеште ыдысқа күйіп жабысуы мүмкін.
•
Кастрөл мен қақпақты ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға болады. Қолданып болған
соң, өнімді сабынды ыстық суға салыңыз.
•
Жоғарғы температураларда ыдыста май қалдықтары күйіп, қоңыр дақтар қалдырса,
ыдысты 4 ас қасық ыдыс жуғыш ерітіндісі қосылған 5 литр жылы суға немесе 6 ас
қасық ағартқыш ерітіндісі қосылған 5 литр суға кемінде 2 сағат бойы салып қойыңыз.
Одан кейін жұмсақ пластик жуғыш жастықшамен немесе Tupperware Microfiber Hob
құралымен жайлап тазалаңыз.
•
Беті тегіс емес тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
Кепілдік
Екі бөлікті UltraPro қызуға төзімді ыдысы
тағамға қолдануға рұқсат етілген өте
сапалы материалдармен үлкен сақтықпен және дәлдікпен жасалған.
UltraPro
ыдысында
Tupperware өнімдеріндегідей сапа
кепілдігі
бар, егер өнім үйде дұрыс пайдаланылса да
онда кез келген өндірістік ақаулығы немесе материалдық зақымдалуы байқалса, оны
ауыстыруға мүмкіндік береді.
Өнімді ұқыпсыз пайдалансаңыз немесе оны жерге түсіріп алсаңыз, өнім шытынауы
немесе сынуы мүмкін. Дұрыс пайдаланбау салдарынан күйген, сынған немесе
зақымданған UltraPro өнімінің орнын Tupperware өнімдерін ұсынушыдан сатып алып
толтыруға болады.
www.tupperwarebrands.com
KK