Сізге
MicroCook
контейнерін таңдағаныңызға алғыс білдіреміз, ол шағынтолқынды пеште
ас әзірлеу, жылыту немесе еріту кезінде уақытыңызды үнемдеп, кейін дастарханға қоюға
арналған.
-25°C
+200°C*
ЕҢ КӨБІ 800В
ЕҢ КӨБІ 30
a s d f
*
G J H
Қуатты үнемдеу және ортаны қорғау үшін ыдыс-аяқ жуатын машинадағы төмен
температуралы бағдарламаны пайдаланыңыз.
* Жұмсақ тығыздамаға арналмаған.
Сипаттамасы және Артықшылығы
• Қалыпты шарттарда сынбайды және бояуы төзімді болып келеді. Контейнерлер (соның
ішінде түбі және қатты қақпақтары) мұздатқыштың ішінде -25°C температурасынан 200°C
дейін қолданысқа қауіпсіз болып шағын толқынды пеш ішінде табылады.
• 2.25 л ас әзірлеу негізіне 1.5 л негізі сыяды
• Жұмсақ тығыздауыштар тамақты тоңазытқыш пен мұздатқышта қауіпсіз сақтауға
арналған (-25°C-тан бөлме температурасына дейін)
Қолдану және күтім жасау
• Жаңа бұйым алғаш қолданылар алдында жуылғандығына көзіңізді жеткізіңіз.
• Бұйымды тиісінше қолдану үшін әрқашан өндірушінің қолдану жөніндегі нұсқаулығына
жүгініңіз.
• Біз
MicroCook
бұйымын ең көп дегенде 800В қуатында 30 минуттан асырмай пісіруге
ұсынамыз.
•
MicroCook
бұйымдары шағын толқынды пештің ішінде ғана қолдануға арналған; оны
плита, әдетті қуыру шкафы немесе грильдің ішінде қолданбаңыз. Сіздің шағын толқынды
пешіңіздің жиынтақтамасында пеш және гриль атқарымдары бағдарламамен автоматты
түрде қосылмайтындығына көзіңізді жеткізіңіз.
•
MicroCook
контейнерін салмас бұрын, шағын толқынды пешті суытып алыңыз.
• Шағын толқынды пештер тамақты қарапайым пештерге қарағанда тезірек әзірлейді,
сондықтан да тамақ әзірлеуде мезгіл-мезгіл үзіліс жасап, жиі-жиі қарап тұру керек.
• Тамақты дайындауда температураны 200°C-тан асырмаңыз. Тамақты бақылаусыз
қыздырмаңыз. Тамақты әзірлеу немесе қыздыру кезінде тамақты араластырып тұру
ұсынылады. Араластырғаннан кейін қатты қақпағын қайта орнына қойғаныңызға көзіңізді
жеткізіңіз.
• Егер тамақ шағын толқынды пеште уақытынан артық қыздырылып қалса, температура
200°C-ге дейін жетіп, ыдыстың бұзылуына әкеп соқтырады. Әсіресе аз мөлшердегі тамақ
пен құрамында қант шәрбаты, бекон, сүйекті ет сияқты заттары бар жоғары мөлшерлі
қантты және майлы тағамдық өнімдерін қыздыруда абай болыңыз. Аз мөлшердегі тамақты
бірінші минуттан соң әр 30 секунд сайын тексеріп тұрыңыз.
• Пеш қолғаптарын шағын толқынды пештен тамақты алу кезінде қолдану ұсынылады.
• Тамақ әзірлегеннен немесе қыздырғаннан кейін ыдысты бірнеше минутқа түпқоймаға
температураның бір қалыпты тарауы үшін қойыңыз.
•
MicroCook
қақпағын будың сізге қарсы шықпайтындай етіп ашу керек.
• Жұмсақ тығыздауыштар тамақты тік күйінде тасымалдау, тоңазытқыш пен мұздатқыштарға
салу үшін ғана қолданылады. Дайындау немесе қыздыру алдында жұмсақ тығыздауышты
қатты қақпақпен алмастыруды ұмытпаңыз.
• Тағамды тоңазытқышқа не мұздатқышқа тасымалдар, апарып салар алдында қосымша
жұмсақ тығыздауышпен жабар алдында, тағамды біраз суытып алыңыз.
• Ыдыста жұмыртқа пісіруге; қуыруға, үй карамелін әзірлеуге және поп-корн дайындауға
болмайды.
• Метал ас үй құралдарын және өткір заттарды қолданбаңыз, олар ыдысты сырып тастауы
мүмкін.
• Tupperware асүйлік құралдарын қолданыңыз, олар сіздің өніміңізді сырмайды (тек
Tupperware метал сыпыртқысынан басқасы, өйткені ол ыдысты сыруы мүмкін).
Тазарту нұсқаулары
• Ыстық сабынды суда жуыңыз және жақсылап шайыңыз, немесе ыдыс-аяқ жуатын
машинада жуыңыз. Тек жоғарғы жағына жұмсақ нығыздауыштар салыңыз.
• Егер қандай да бір тамақ ағып, қатып қалған болса, ыдысты сабынды жылы суға салып
қоюға болады.
• Абразивті қалыптар мен тазарту құралдарын қолданбаңыз, олар ыдысты сырып жібереді
Кепілдік
Tupperware
MicroCook
тамақ өнімдерімен қолданылуға болатындай ерекше
ұқыптылықпен және нақтылықпен ең күшті материалдардан жасалады. Бұл құрал
барлық Tupperware өнімдері сияқты кепілдікке ие, яғни қандай да бір өндірістік ақау
немесе қалыпты жағдайда қолдану кезінде ақаулары болса, басқасына ауыстырылады.
www.tupperwarebrands.com
KK