64
ˎ
Діріл функциясын функция экранындағы
(Settings)
(Параметрлер) мәзірінде қосуға және өшіруге болады.
ˎ
Сымсыз басқару құралының қозғалыс датчигі
функциясын пайдаланған кезде, келесі сақтық
шараларын сақтаған жөн. Егер де басқару құралы
айналасындағы адамдармен немесе заттармен
соқтығысса, бұл адамның жарақат алуына және
жабдықтың зақымдануына әкелуі мүмкін.
– Қозғалыс датчигі функциясын пайдалану алдында,
айналаңызда жеткілікті бос орын бар екендігіне көз
жеткізіңіз.
– Сіздің қолыңыздан шығып, жарақат немесе зақым
келтіруіне жол бермеу үшін сымсыз басқару құралын
қатты ұстаңыз.
– Сымсыз басқару құралын USB кабелімен пайдаланған
кезде, кабельдің адаммен немесе затпен
қақтығыспайтынына көз жеткізіңіз және ойнағанда
кабельді PS4™ жүйесінен шығарып алмаңыз.
– Ұқсас басқару құралы (DUALSHOCK
®
), ұқсас басқару
құралы (DUALSHOCK
®
2) және DUALSHOCK
®
3 сымсыз
басқару құралы секілді кейбір PlayStation
®
, PlayStation
®
2
және PlayStation
®
3 жүйелік перифериялы құрылғылар
PS4™ жүйесімен сыйысымды емес.
ˎ
Жыпылықтап тұрғанда басқару құралындағы жарық
жолағы на қадала қарамаңыз. Егер денеңізде жарық
стимуляциясынан ыңғайсыздық немесе қандайда бір ауру
белгісін байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
ˎ
Температура аумағы 10 °C және 30 °C аралығында
болатын ортада зарядтаңыз. Басқа орталарда
зарядтағанда тиімді нәтиже болмауы мүмкін.
ˎ
Батареяның қызмет ету мерзімі шектеулі. Батарея
қызметінің ұзақтығы жиі қолдану және уақыт өту
нәтижесінде қысқарады. Батареяның қызмет ету мерзімі
сақтау әдісіне, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға
және басқа факторларға да байланысты болады.
ˎ
Сымсыз басқару құралы ұзақ уақыт пайдаланылмаса,
батареяның функциялық мүмкіндігін сақтау үшін кемінде
жылына бір рет батареяны толық зарядтаған жөн.
Желдету саңылаулары
Желдету саңылауларын жаппаңыз. Жақсы желдетуді
қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтаңыз:
ˎ
Жүйені қабырға бетінен кемінде 10 см ара-қашықтықта
орнатыңыз.
ˎ
Жүйені ұзын түктері бар төсенішке немесе кілемге
қоймаңыз.
ˎ
Жүйені енсіз және тар жерге қоймаңыз.
ˎ
Жүйені матамен жаппаңыз.
ˎ
Желдету саңылауларында шаң жиналуына жол бермеңіз.
Айнымалы ток сымын қолдану
ˎ
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін айнымалы ток
сымын жиі тексеріп тұрыңыз. Егер зақымдалған болса,
пайдалануды дереу тоқтатып, кепілдік бөлімінен табуға
болатын тиісті PlayStation
®
пайдаланушыларға қызмет
көрсету сенім телефонына хабарласыңыз.
ˎ
Берілген айнымалы ток сымынан басқа қуат сымын
пайдаланбаңыз. Сымды өзгертпеңіз.
ˎ
Сулы қолыңызбен айнымалы ток сымының ашасын
ұстамаңыз.
ˎ
Айнымалы ток сымын, әсіресе ашаның қасында, розетка
және сымның жүйемен қосылу орнында, оның үстінен
жүруіне немесе қысылуына жол бермеңіз.
ˎ
Сым үстіне ауыр заттарды қоймаңыз.
ˎ
Айнымалы ток сымын қыздырғыш жабдық қасына
орналастырмаңыз және оны жылу әсеріне ұшыратпаңыз.
ˎ
AC IN коннекторының қасында шаң немесе басқа
заттардың жиналуына жол бермеңіз. Айнымалы ток сымын
14659_75044_PS4_Pro_Gamma_Chassis_Safety_Guide_RUS_IND_KZ.indd 64
30/07/2018 16:10