IM021
SC-HB42F65
11
Жұмысты аяқтағаннан кейін, азық-түлік пен қондырмаларды алып шықпас бұрын аспапты электр
желісінен ажыратыңыз да, электр қозғалтқыш толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ:Саптамаларды қосудан өшіру батырмасын басып, саптаманы шешіңіз.
ЕСКЕРТУ: Аспапты асыра толтыруға немесе азық-түліксіз пайдалануға тыйым салынады. Үздіксіз жұмыс
істеуге рұқсат етілген уақыттан асырып жібермеңіз.
Процессорды ыстық азық-түлік салмаңыз (> 70 ºC).
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX»
– жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Ең алғаш рет пайдаланар алдында барлық алмалы бөліктерді жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз
да, әбден құрғатыңыз. Қозғалтқыш бөліктің сыртын сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға батыруға және оны сумен жууға тыйым салынады.
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін,
сан алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
Блендер-қондырманы қозғалтқыш бөлікке орнатыңыз да, оны бекіту үшін сағат тілінің бағытына қарсы
тірелгенше бұраңыз.
Қоспалардың шайқалып төгілуін болдыртпау үшін, іске қосу алдында блендерді
араластырылатын тамақ өнімдеріне батырыңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті
ұсақтау үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу керек.
Жаңғақтың қабығын аршу керек, етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу керек.
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық
өнімдерін ұсақтауға жарамайды.
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
Шараны шара жетегімен жабыңыз. Шараны шара жетегімен жабыңыз. Жетекті орнына бекіту үшін
жетектегі бекіткіштер шарадағы ойықтарға дәл түсуі қажет.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз да, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған
қондырманың шарасын ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа салып
алыңыз.
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА / АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті тағамдарды шайқап көпіршіту үшін пайдаланыңыз.
Бұл қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін пайдалануға болмайды.
Шайқауға арналған қондырманы өтпелікке қондырыңыз, сондай-ақ өтпелігі бар қондырманы қозғалтқыш
бөлікке орнатыңыз.
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін азық өнімдері салынған шараға батырыңыз.
ЖҰМЫСЫ
Дұрыс әрі тиісті түрде құрастырылғанына көз жеткізіңіз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Импульстік режим түймесін басып ұстап тұрыңыз.