
44
KZ
ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің
қасына қоймаңыз.
•
Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын
жерде орналастырмаңыз.
•
Көп тағамдық қасқанның үстіне ештеңе
қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды бітеп
тастамаңыз.
•
Көп тағамдық қасқанды шкафтың ішіне
орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты
жұмыс істеуі үшін ауа еркін айналатын бос
кеңістікті қамтамасыз ету қажет: кем дегенде:
үстінен 20 см, артқы панелі жағынан 10 см және
екі бүйірінен кем дегенде 5 см.
ЖҰМЫСЫ
•
Ең бірінші кезекте шараны, қыздырғыштың
беткі қабатын және көп тағамдық қасқанның ішкі
жағының беткі қабатын сүртіңіз.
•
Шараға су құйып, азық-түлікті салыңыз. Азық-
түлікті көп тағамдық қасқанның шарасының 3/5
көлемінен асырмай салыңыз. Ыстық суда бөрте
алатын (күріш, құрғақ көкөніс) немесе көбік
түзетін азық-түлікті пісірген кезде, кәстрөлдің
көлемінің жартысынан асыра толтыруға
болмайды. Бұл орайда азық-түлік пен судың
жалпы көлемі шараның толық көлемінің кем
дегенде 1/5 бөлігіндей болуға тиіс.
•
Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз.
•
Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
•
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне
жалғаңыз. Сол кезде «СТАРТ» түймешігінің жарық
индикаторы жыпылықтай бастайды.
•
Дисплейде бірінші бағдарламаның алдын ала
орнатылған уақытын көресіз.
•
Көп тағамдық қасқанның 16 тамақ дайындау
бағдарламасы бар. Бағдарламалар мен олардың
параметрлерінің толығырақ сипаттамасы
рецепттер кітабында берілген.
•
Белгілі бір бағдарламаны таңдау үшін «МЕНЮ»
(мәзір) түймешігін қанша рет керек болса, сонша
рет басыңыз. Бұл орайда дисплейде таңдалған
бағдарламаның тұсында көрсеткіш пайда
болады, сондай-ақ таңдалған бағдарламаның
алдын ала орнатылған дайындау уақыты көрінеді.
•
«+», «-» түймешіктерінің көмегімен сіз пісіру
уақытын рецептке сәйкес өзгерте аласыз. Әр
бағдарлама бойынша дайындау уақытын реттеу
аралықтары 4-беттегі кестеде келтірілген.
•
Тамақ дайындауды бастау үшін «СТАРТ» (бастау)
түймешігін басыңыз.
•
Жұмысы аяқталғаннан кейін көп тағамдық қасқан
автоматты түрде жылыту режиміне ауысады.
«ОТСРОЧКА СТАРТА» (БАСТАУДЫ КЕЙІНГЕ
ҚАЛДЫРУ) ФУНКЦИЯСЫ
•
Бұл функция тағам дайындай бастау уақытын
кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
•
Функцияны реттеу үшін «ОТСРОЧКА» (кейінге
қалдыру) түймешігін басыңыз да, «+», «-»
түймешіктерінің көмегімен бастауды кейінге
қалдыру уақытын орнатыңыз. Дисплейде
бағдарлама қанша уақыттан кейін жұмысын
аяқтайтын болса, сол уақыт бейнеленеді.
•
Содан кейін «МЕНЮ» (мәзір) түймешігінің
көмегімен керекті дайындау уақытын таңдаңыз.
•
Жұмысты бастау үшін «СТАРТ» (бастау)
түймешігін басыңыз.
Summary of Contents for IS-MC412S02
Page 1: ......