background image

IM020 

SC-SF111B18 

KZ 

  

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ 

Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға
сенім  артқаныңыз  үшін  Сізге  алғыс  айтамыз.  Іске  пайдалану  нұсқаулығында  суреттелген  техникалық
талаптар  орындалған  жағдайда,  SCARLETT  компаниясы  өзінің  өнімдерінің  жоғары  сапасы  мен  сенімді
жұмысына кепілдік береді.

SCARLETT  сауда  таңбасының  бұйымын  тұрмыстық  мұқтаждар  шеңберінде  пайдаланған  және  іске
пайдалану  нұсқаулығында  келтірілген  пайдалану  ережелерін  ұстанған  кезде,  бұйымның  қызмет  мерзімі
бұйым  тұтынушыға  табыс  етілген  күннен  бастап    2  (екі)  жылды  құрайды.  Аталған  шарттар  орындалған
жағдайда,  бұйымның  қызмет  мерзімі  өндіруші  көрсеткен  мерзімнен  айтарлықтай  асуы  мүмкін  екеніне
өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ 

Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал  ретінде сақтаңыз.

Бұйымды дұрыс қолданбау оның бұзылыуна әкелуі және сізге зиян келтіруі мүмкін.

Алғашқы  қосудың  алдында  бұйымның  техникалық  сипаттамасының  жапсырмадағы,  электр  жүйесінде
көрсетілген параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.

Осы  Пайдалану  нұсқауына  сәйкес  тек  қана  тұрмыстық  мақсаттарда  қолданылады.  Құрал  өнеркәсіптік
қолдануға арналмаған.

Жайдан тыс қолданылмайды.

Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса
немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына болмайды.

Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.

Электр  тоғының  ұруына    және  жануға  тап  болмау  үшін,  құралды  суға  немесе  басқа  сұйықтықтарға
батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ,  оны электр жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз
және сервис орталығына тексертіңіз.

Балалар бар жерде аспапты ұқыпты пайдалануды бақылаңыз.

Құрылғыны былаулы бөлмелері мен су жанында пайдаланбаңыз.

Жылу қайнарлары жақын маңда құралды жайғастырмаңыздар.

Құралмен ойнауға  балаларға рұқсат бермеңіз.

Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік қызмет немесе
соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.

Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.

Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.

Құрылғыны  өз  бетіңізше  жөндеуге  талпынбаңыз.  Олқылықтар  пайда  болса  жақын  арадағы  сервис
орталығына апарыңыз.

Аспаптың  қозғалатын  бөлшектеріне  тиіспеңіз.  Жұмыс  істеп  тұрған  желдеткіштің  қорғауыш  торы  арқылы
қарындаш немесе басқа зат сұқпаңыз.

Құрылғыны  өз  бетіңізше  жөндеуге  талпынбаңыз.  Олқылықтар  пайда  болса  жақын  арадағы  сервис
орталығына апарыңыз.

Қорғауыш торы орнатылмаған желдеткішті қоспаңыз.

Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.

Өндіруші  бұйымның  қауіпсіздігіне,  жұмыс  өнімділігі  мен  жұмыс  мүмкіндіктеріне  түбегейлі  әсер  етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.

Жасап  шығарылған  күні  бұйымда  және  (немесе)  қаптамада,  сондай-ақ  ілеспе  құжаттамада,  XX.XXXX
пішімінде  көрсетілген, мұндағы  алғашқы  екі  сан «XX»  – жасап  шығарылған  айы,  келесі  төрт сан  «XXXX»  –
жасап шығарылған жылы.

ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚҰРАСТЫРУ 

Құрал үшін арналған ауаның.

Желдеткіш  бөлек-бөлек  күйде  жеткізіледі.  Жинақтауды  бастар  алдында  жеткізілім  жинағының  толық,  ал
жинақтайтын бөлшектердің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.

Аспапты алдын ала толық жинақтап алмай тұрып электр желісіне қоспаңыз.

Тағанды тұғырға орнатыңыз да, бұрандалармен (жинаққа кіреді) бекітіңіз.

Электр қозғалтқыш пен басқару блогын штангаға орнатыңыз да, В бұрандасымен бекітіңіз.

Бекіткіш  сомындарды:  қалақтардікін  –  сағат  тілінің  бағытымен,  ал  артқы  тордікін  –  сағат  тілінің  бағытына
қарсы бұрап алыңыз да, оларды желдеткіштің білігінен алыңыз.

Артқы торды желдеткіштің білігіне кигізіңіз.

Білікке артқы тордың сомынын бұраңыз да, қатайтып тартыңыз.

Қалақтарды бекіткішке дейін жететіндей етіп білікке орнатыңыз.

Оларды бекіту үшін қалақтардың бекіткіш сомынын сағат тілінің бағытына қарсы тартып бұраңыз.

Алдыңғы және артқы торларды бекіткіштердің көмегімен бекітіп, бір біріне дәлдеп келтіріңіз.

Желдеткіштің еңістеу бұрышын еңісті реттеу бұрандасымен бекітіңіз.

Желдеткіш жұмысқа дайын.

Reviews: