ТД өлшемі,
дюйм
VESA бұранда
тесігінің техникалық
шарттары (A * B),
миллиметр
C (мм
)
Стандартты
бұранда
Саны
40 ~ 43
200 x 200
18 ~ 20
M8
4
50 ~ 65
400 x 400
Қабырғаға ілу жинағын теледидар тоққа қосулы тұрғанда орнатуға болмайды. Бұл адамның
электр тоғы соғуынан жарақат алуына себеп болуы мүмкін.
•
Стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды
қолданбаңыз. Тым ұзын бұрандалар теледидардың ішкі бөлшектеріне зиян келтіруі мүмкін.
•
VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса,
бұрандаларының ұзындықтары қабырғалық аспа жинақ спецификациясына байланысты басқаша болуы
мүмкін.
•
Бұрандаларды өте қатты қатайтпаңыз. Себебі құрылғыға зақым келуі немесе құрылғы құлап, адам
жарақат алуы мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.
•
VESA стандартына сай емес немесе ұсынылмаған қабырғаға ілу жинағы қолданылса немесе сатып алушы
өнімді орнату нұсқауларын орындамай, өнімге нұқсан келсе не адам жарақат алса, Samsung компаниясы
жауапкершілік көтермейді.
•
Теледидарды 15 градустан асыра қисайтпаңыз.
•
ТД-ды үнемі екі адам қабырғаға орнатуға тиіс.
ТД-ды дұрыс желдету
ТД-ды жақсы желдету үшін оны орнатқан кезде, ТД мен басқа заттардың (қабырғалар, жиһаздың
қабырғалары т.с.с.) арасында кем дегенде 10 см орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Дұрыс желдетпеген кезде,
құрылғының ішкі температурасы артып, өрт шығуы немесе оған зақым келуі мүмкін.
ТД-ды тұрғыға қою немесе қабырғалық аспа жинаққа орнату үшін Samsung Electronics бөлшектерін ғана
қолдануды ұсынамыз. Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі немесе
ол құлап, адам жарақат алуы мүмкін.
Тұрғыға орнату
Қабырғалық аспа жинаққа орнату
10
см
10
см
10
см
10
см
10
см
10
см
10
см
ТД-ды тұрғыға бекіту
Көрсетілген керек-жарақтардың барлығының бар екеніне көз жеткізіп, тұрғыны құрастыру нұсқауларында
көрсетілген жолмен құрастырыңыз.
Қазақ - 8