Казақ - 2
Е-нұсқаулықты қолдануға қатысты толық ақпарат алу үшін
Аталмыш пайдаланушыға арналған нұсқаулықтағы суреттер мен иллюстрациялар тек жалпылама ақпарат
ретінде ғана берілген және олар құрылғының нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Өнімнің дизайны мен
техникалық сипаттамасы алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Сандық теледидарға қатысты құлақтандыру
1.
Сандық теледидар (DVB) функциялары тек DVB-T (MPEG2 және MPEG4 AVC) сандық жерүсті сигналдары таратылатын немесе DVB-C (MPEG2
және MPEG4 AAC) сигналдарымен сыйысымды кабельдік телевизия қызметі көрсетілетін елдер/аймақтарда ғана бар. DVB-T немесе DVB-C
сигналдарын қабылдау мүмкіндігінің бар-жоғын білу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз.
2.
DVB-T дегеніміз, сандық жерүсті сигналдарын таратуға қатысты, ал DVB-C дегеніміз, сандық сигналдарды кабельдік теледидар арқылы
қабылдау бойынша DVB Еуропалық консорциум стандарты болып табылады. Дегенмен, EPG (Бағдарламалардың Электрондық Нұсқаулығы),
VOD (Сұраныс бойынша Видео) тағы сол сияқты ерекше функциялардың түрі бұл нұсқаулықта қамтылмаған. Сондықтан оларға осы сәтте
қолдау көрсетілмейді.
3.
Бұл теледидар DVB-T және DVB-C соңғы стандарттарына [Тамыз, 2008] сай жасалса да, аталмыш теледидарға бұдан кейін шығатын DVB-T
сандық жерүсті және DVB-C сандық кабельдік теледидар таратылым сигналдарын қолдайды деген кепілдік берілмейді.
4.
Теледидар қолданылатын ел/аймақ түрлеріне қарай, кейбір кабельдік теледидар қызметінің провайдерлері көрсеткен қызметтері үшін қосымша
төлемақы алуы және сіздің олар көрсетіп отырған қызмет шарттарына келісім беруіңіз қажет болуы мүмкін.
5.
Кейбір елдер немесе аймақтарда сандық теледидардың кей функциялары жұмыс істемеуі және провайдерлердің кейбірінде DVB-C дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
6.
Қосымша ақпаратты жергілікті SAMSUNG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.
✎
Теледидардың сигналдарды қабылдау сапасына елдер арасындағы сигнал тарату тәсілдерінің әртүрлі болуы әсер етуі мүмкін.
Теледидардың қалай жұмыс жасайтынын жергілікті SAMSUNG уәкілетті дилеріне немесе Samsung байланыс орталығына хабарласып, оны
теледидарды қайта теңшеу арқылы реттеуге болатын-болмайтынын тексеріңіз.
Пайдаланушыға арналған нұсқаулар
•
Бейнебетте “бейненің қалып” қоюы
Плазмалы бейнебетте қимылсыз бейнені (мысалы, видео ойын) бірнеше минуттан артық көрсетуге болмайды, себебі бейнебетте бейне қалып
қоюы мүмкін. Бейненің бұлайша қалып қоюы “бейнебеттің жанып кетуі” деген атпен де мәлім. Бейне осылайша қалып қоймас үшін, бейнебеттің
жарықтылығы мен контраст деңгейін қимылсыз суретті көрсетпей тұрып азайтыңыз.
•
Плазмалы теледидардың үстіңгі жағының қызуы
Ұзақ уақыт іске қосылып тұрған өнімнің үстіңгі жағы қызып кетуі мүмкін, себебі панель арқылы өнімнің үстіңгі жағындағы саңылаулардан қызу
шығады.
Бұл қалыпты жағдай және өнімнің ақауы бар немесе өнім жұмысында ақаулық орын алғанын көрсетпейді.
Дегенмен, өнімнің үстіңгі жағына балалардың қол тигізуіне жол бермеңіз.
•
Өнімнен “сыртылдаған” дыбыс шығады.
“Сыртылдаған” дыбыстың шығуына, қоршаған ортаның температурасы немесе ылғалдылығы тәрізді параметрлерінің өзгеруіне байланысты,
өнімнің тартылуы немесе ісінуі себеп болады. Бұл қалыпты жағдай және өнімнің ақауы бар дегенді білдірмейді.
•
Ұяшық ақауы
ПБП панелін жасау үшін күрделі технология бойынша жасалатын 2,360,000(HD-level) бастап, to 6,221,000(FHD-level) дейінгі пикселдерден
тұратын панель қолданылады. Дегенмен, бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы
жұмысына еш әсер етпейді.
•
Теледидарды температурасы 41°F (5°C) төмен жерлерде қолданудан сақ болыңыз
•
Қимылсыз бейнені ұзақ уақыт қарау, ПБП панелін біржола ақауға ұшыратуы мүмкін.
Плазма теледидарын 4:3 пішімінде ұзақ уақыт қарау, бейнебеттегі жарық сәулелерінің әр түрлілігіне байланысты орын алатын,
бейнебеттің сол, оң жағы мен ортасында жиек іздерінің қалып қоюына әкеліп соғуы мүмкін. DVD не видео-ойын құрылғысын
ойнату да, бейнебетке осылайша әсер етуі мүмкін.
Жоғарыда айтылған себептер негізінде орын алған ақаулықтар кепілдікке кірмейді.
•
Бейнебетте қалып қойған суреттер.
Видео ойындар немесе ДК арқылы бейнебетте қимылсыз суретті нақты бір мерзімнен ұзақ көрсету, кескіннің бейнебетте жартылай қалып
қоюына әкелуі мүмкін.
Бұндай әсер орын алмас үшін қимылсыз бейнені көрсетер кезде ‘жарықтылық’ пен ‘контраст’ деңгейлерін азайтыңыз.
•
Кепілдік
Кепілдік бейненің қалып қоюына байланысты орын алған ақаулықты қамтымайды.
Бейнебеттің “жанып кетуі” кепілдікке кірмейді.
[PD450-RU]BN68-03491G-01L04.indb 2
2011-02-18 오전 10:14:14