Қазақша
Теледидарды қабырғаға бекіту
Абай болыңыз
: Теледидарды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ол құлап кетуі мүмкін. Әсіресе, балалардың
теледидар үстіне шықпауын немесе оны жылжытпауын қадағалаңыз; себебі теледидар аударылып кетіп, ауыр
жарақатқа не адам қазасына әкеліп соғуы мүмкін. Қоса жеткізілген қауіпсіздік парағындағы сақтық шараларының
барлығын орындаңыз. Барынша орнықты ету үшін, аударылып кетуден сақтайтын құралды сақтық мақсатында
төмендегідей орнатыңыз.
Теледидар құлап қалуға жол бермес үшін
1.
Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап
бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.
✎
Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша
зат қажет болуы мүмкін.
✎
Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен бірге
жеткізілмейтіндіктен оларды жеке сатып алу қажет.
2.
Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан алыңыз
да, қапсырмаға салыңыз, содан соң бұрандаларды қайтадан
теледидарға бекітіңіз.
3.
Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген
қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан соң мықтап
байлаңыз.
✎
ЕСКЕРІМ
• Теледидар артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу
орнатыңыз.
• Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен
теледидарға бекітілген қапсырма бір деңгейде не одан
төменірек тұру үшін оларды сыммен қосып байлаған дұрыс.
• Сымды теледидарды жылжытпай тұрып шешіңіз.
4.
Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Қосылымдардың босап қалмағанын мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, білікті маманға
хабарласыңыз.
Қабырға
✎
Құрылғының түсі мен пішімі үлгі түріне қарай
әр түрлі болуы мүмкін.
Орнататын жерде қауіпсіз етіп дайындау
Ауа жақсы алмасып тұру үшін теледидар мен басқа заттар (мысалы, қабырға) арасындағы арақашықтықты жеткілікті түрде сақтаңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, өрт шығу қатері орын алып немесе өнімнің ішкі температурасының жоғарылауы нәтижесінде оған зиян келуі мүмкін.
✎
Теледидарды тұрғыға қойғанда не қабырғалық аспа жинаққа орнатқанда тек Samsung Electronics бөлшектерін ғана қолданыңыз.
• Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі не ол құлап қалған жағдайда адам жарақаттануы мүмкін.
✎
Өнімнің сыртқы көрінісі үлгі түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
✎
Теледидарға қол тигізген кезде абай болыңыз, себебі кейбір бөліктері ыстық болуы мүмкін.
Тұрғыға орнату.
Қабырғалық аспа жинаққа орнату.
10 cm
10 cm
10 cm
10 cm
10 cm
10 cm
10 cm
Қазақша - 15
PF45005000-RU_KAZ.indd 15
2013-02-20 7:58:55