Қазақша - 15
Ақаулықты түзету
Егер теледидарда ақау бар сияқты болса, әуелі осы тізімдегі ақаулықтарды оқып, ықтимал шешімдерді қолданып
көріңіз. Бұл ақаулықты түзетуге қатысты кеңестердің ешбірі көмектеспесе, “www.samsung.com” торабына барып,
содан кейін "Қолдау көрсету" қойындысын басыңыз немесе Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ақаулық
Шешімі және түсіндірмесі
Теледидар іске қосылмайды.
• Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын
тексеріңіз.
• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Теледидардың
POWER
түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан басқару
пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, төмендегі
“Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді” тармағын қараңыз.
Ешбір сурет/видео жоқ.
• Сым қосылымдарын тексеріңіз (теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын
ағытып алыңыз да, қайта жалғаңыз).
• Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Жерсерік ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығысын
ұяшығын, теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Мысалы, сыртқы
құрылғының шығыс ұяшығы HDMI болса, оны теледидардың HDMI кіріс ұяшығына жалғау
керек.
• Жалғанған құрылғылардың электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
• Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі
SOURCE
түймешігін басып, теледидар
сигналының көзін дұрыс таңдаңыз.
• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс
істемейді.
• Қашықтан басқару пульті батареяларын ауыстырғанда, (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп
салыңыз.
• Пульт сенсорының сигнал шығатын терезесін тазалаңыз.
• Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.
Кабель/жерсерік ресиверінің қашықтан
басқару пульті, теледидарды іске
қоспайды не сөндірмейді немесе
үнділігін реттемейді.
• Кабель/Жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп
бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/жерсерік ресиверінің пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
✎
Теледидарды ең оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламаның соңғы нұсқасын веб-сайттан (samsung.com ->
Қолдау -> Downloads) USB арқылы орнатыңыз.
✎
Осы TFT СКБ панелін жасап шығару үшін күрделі кіші пикселдер технологиясынан құралатын панель
қолданылады. Дегенмен, бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл
пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.
Лицензия
Функциялар тізімі
Тамаша сандық интерфейс және желіге қосылу мүмкіндігі Кіріктірілген сандық HD тюнерінің көмегімен, өзіңіз
жазылмаған HD таратылымдарын Кабель қорапшасы / Жерсерік ресиверін қолданбай қарауға болады.
Менің мазмұным
USB құралында сақталған сазды файлдарды, суреттер мен бейнефайлдарды ойнатуға мүмкіндік береді.
(HDMI-CEC)
функциясын қолдайтын, барлық жалғаулы тұрған Samsung құрылғыларын Samsung теледидарының
қашықтан басқару пульті арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
[LD450-RU-UA]BN68-03394H-L04.indb 15
2011-03-17 �� 3:23:43