![Samsung EF-NS901 User Manual Download Page 212](http://html.mh-extra.com/html/samsung/ef-ns901/ef-ns901_user-manual_340736212.webp)
1
Жұмысты бастамас бұрын
оқыңыз
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
•
Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
LED View Cover қақпағын пайдалану алдында ол сіздің құрылғыңызбен үйлесетіндігіне көз
жеткізіңіз.
•
LED терезе функциялары немесе экранды автоматты қосу/өшіру функциясы белсенді болып
табылатын құрылғының пайдаланбас бұрын, NFC функциясының дұрыс жұмыс істеп тұрғанына
көз жеткізіңіз.
•
Егер сіздің құрылғыңызда Mobile Device Management (MDM) бағдарламалық жасақтамасы
жұмыс істесе немесе құрылғы металдан жасалған заттың жанында болса, NFC мүмкіндігі дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
•
Егер алдыңғы қақпақты аударып, онымен мобильді құрылғының артқы жағын жапсаңыз, NFC
мүмкіндігі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•
Карта қалтасына бір картаны ғана салған жөн.
•
LED View Cover тысының магниттері бар. Магнитті жолағы бар карталарды LED View Cover
тысының қалтасында ғана сақтаңыз.
•
Wireless PowerShare зарядпен сымсыз бөлісу мүмкіндігін қолданудың алдында өнімді алып
тастағаныңыз дұрыс.
•
Мобильді құрылғыны Samsung сымсыз зарядтағышы (EP-PG950) арқылы сымсыз зарядталса
және осы өнім тіркелсе, зарядтағышты тақта режимінде пайдалану ұсынылады.
•
UWB (Ultra Wideband технологиясы) мүмкіндігін қолданудың алдында өнімнің қақпағын артқа
қайырмаған жөн.
•
Егер бұйымға ылғал әсер етсе немесе спирт, не ацетон тәрізді еріткіштер тисе, сонымен
қатар жоғары температураның ықпалы болса, онда дақтар, қатпарлар пайда болуы мүмкін,
деформациялануы немесе түсін өзгертуі мүмкін.
•
Өнімді қолдану кезінде оған құрылғыны сызаттауы немесе бүлдіруі мүмкін кірдің тиіп кетуіне
жол бермеуге тырысыңыз.
Нұсқаулық белгішелер
Ескерту
: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар
Абайлаңыз
: құрылғыны немесе басқа жабдықты бұзуы мүмкін жағдайлар
Ескерім
: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Українська
1
Қазақ тілі
1
Summary of Contents for EF-NS901
Page 1: ...www samsung com USER MANUAL 12 2021 Rev 1 0 EF NS901 EF NS906 EF NS908 SMART LED VIEW COVER ...
Page 235: ...入门指南 3 设备部位图 NFC 天线 LED 窗口 本手册使用的是 EF NS906 的示例图片 Español castellano 3 3 简体中文 3 ...
Page 243: ...開始使用 3 裝置部位圖 NFC 天線 LED 視窗 本手冊所含圖像即為 EF NS906 之示意圖 简体中文 3 繁體中文 台灣 3 ...
Page 259: ...6 제품 사용하기 제품 장착 분리하기 제품의 덮개를 연 후 모바일 기기를 끼운 후 1 제품의 덮개를 닫아 2 사용하세요 1 2 한국어 4 ...