
Пайдалану бойынша ескертпелер
6
Орама құрамы мен керек-жарақтар бойынша
ескертпелер
Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз:
•
Батарея топтамасы
•
USB кабелі
•
Жылдам бастау нұсқаулығы
•
Құрылғымен бірге берілген элементтер және кез келген қол жетімді қосалқы құралдар аймаққа
немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
•
Берілген элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді
болмауы мүмкін.
•
Сыртқы түрі мен сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
Қосымша қосалқы құралдарды Samsung веб-сайтынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында
олардың құрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз.
•
Тек Samsung рұқсат еткен қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы
құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды
тудыруы мүмкін.
•
Қосалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана байланысты болады. Қол
жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат Samsung веб-сайтында ұсынылған.
Қазақ тілі
6