![Polaris PWS 1879DG Asana Operation Manual Download Page 15](http://html.mh-extra.com/html/polaris/pws-1879dg-asana/pws-1879dg-asana_operation-manual_1572350015.webp)
15
Еденде орнатылатын электронды таразы
POLARIS
Моделі PWS 1879DG Asana
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға
қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-
ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта және орама материалымен бірге сақтаңыз.
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
Платформаның дымқыл қабаты тайғанақ болуы мүмкін – таразыны пайдаланар алдында құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Судың немесе басқа сұйықтың таразының ішіне жол бермеңіз, өйткені бұл құралды істен шығарып, сынуына әкеп соғуы мүмкін.
Құралды құлаудан және соғылудан сақтаңыз.
Тензотетіктің бұзылуына жол бермес үшін – платформаға секірмеңіз және таразыға ауыр заттарды қоймаңыз.
Егер LCD дисплейде ұзақ уақыттай қате көрсеткіш жанып тұрса, азғантай ақауды жою үшін, батареяларды, оларға арналған бөлікті ашып,
шамамен 3 сек. алып тастаңыз, содан кейін оларды қайтадан батарея бөлігіне орнатыңыз, таразы қосылуы керек.
Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге
асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз.
Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.
Артық салмақты есептеп шығаратын талдауышты пайдалануға болмайтын жағдайлар:
жүкі әйелдерге;
құралдың жұмыс істеу принципі адамның денесі арқылы электр тоғының өтуіне негізделген және кардиоынталандырғыштың
жұмысын тоқтатуы мүмкін болғандықтан, имплантант ретіндегі электрокардиоынталандырғышы бар тұлғаларға;
диализоммен ем алып жатқан тұлғаларға;
ісіктері бар тұлғаларға.
Пайдаланардың алдында дәрігермен ақылдасуға кеңес беріледі.
Таразына жоғары ылғалдылықтағы бөлмежайда пайдаланып, сақтауға болмайды (80% жоғары), судың немесе басқа да сұйықтықтың таразы
ішіне кіріп кетуіне жол берілмейді, себебі ол оның істен шығуына алып келуі мүмікн.
Таразыны қызатын құралдардан және күшті электрмагнитті сәулеленуден алшақ жерде пайдаланыңыз.
Таразыны өздігіңізден бөлшектеп, жөндеуге тыйым салынады. Ақауларды анықтаған жағдайда авторластырылған (өкілетті) орталықтарға
барыңыз.
Пайдалану саласы
Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес, тек қана тұрмыста қолдануға арналған. Құралды өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға болмайды.
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
Құралдың негізгі функциясы тұрмыстық бөлмежайдың температурасы мен ылғалдылығы жағдайында ересек адамның (алты жастан жоғары)
салмағын анықтауға арналған. Бөлмежайдан тыс жерде пайдалану қарастырылмаған.
Ағзадағы майдың көрсеткішінің күні бойы өзгеріп тұратындығын ескерген жөн (ваннаны немесе душты, тамақты немесе сұйықтықты
қабылдағаннан кейін және сырқаттанғанда немесе физикалық күш түсіргенде өзгеріп тұрады).
Жұмыс қағидаттары
Аталған таразылардың жұмысының негізінде биоэлектрлік қарсылық көрсетуді талдаудың қағидаттары жатыр (B.I.A.). Адам ағзасындағы
әртүрлі ұлпалардың пайыздық арақатынасын анықтау адам сезінбейтін төмен вольтті қауіпсіз электр тоғының көмегімен жасалады. Адам
ағзасындағы әртүрлі ұлпалар әртүрлі деңгейде тоқты өткізеді: бұлшық ет ұлпалары және сулары электр тоғын жақсы өткізеді, ал сүйек пен май
ұлпалары электр тоғын төмен деңгейде өткізеді. Осылайша, адам ағзасының бірқатар көрсеткіштерінің және адамның жеке сипаттамаларынның
(жасы, бойы, жынысы) электр тоғына қарсы тұруы өлшемдерінің қорытындысын пайдалана отырып, май ұлпаларының құрылысын және
адамның басқа да параметрлерінің пайыздық мәнін анықтауға болады.
Аталған таразыларды пайдалану барысында алынған мәндердің жобалық, яғни нақты емес екендігін ескерген дұрыс. Мысалы, бұлшық ет
ұлпасында, оны ағзада өлшегенде ескерілетін судың қандайда бір пайыздық қатынасы болады. Бұл өлшеніп отырған барлық бұлшық ет
ұлпасының 100 % аса көрсеткішті құрауына алып келуі мүмкін. Ағзадағы ұлпалардың арақатынасының нақты өлшемін бірқатар медициналық
зерттеулер мен анализдерді (мысалы компьютерлік томография арқылы) ала отырып, дәрігер-маман ғана жүргізе алады.
Нақты емес қорытынды:
- ыстығы көтеріліп тұрған және ісіктер немесе остеопорозбен ауыратын адамдарда;
- диализ арқылы ем алып жүрген адамдарда;
- кардиоваскулярлы препараттарды қабылдайтын адамдарда;
- жүкті әйелдерде;
- кәсіби спортпен шұғылданатындарда;
Құралдың сипаттамасы
Сур. 1
Сүйықкристалды дисплей
Басқару сенсорлық батырмалары (▲SET▼)
Өлшеуге арналған платформа
Электродтар.
Дисплейдің сипаттамасы
Сур. 2
1.Жыныс
2.% Май
3.% сұйықтық
4. Дене массасының индексі
5. Калориялар
6. Дене типінің көрсеткіші
Summary of Contents for PWS 1879DG Asana
Page 1: ......
Page 2: ...2 1 2 3 4 5 i i Underfat i Healthy i Overfat i Obese ...