
18
қақпағын жабыңыз.
4.
Контейнерді шаннан тазалап болған соң, cүзгіштерді шығарып алыңыз да, контейнерді салқын ағын судың астында жуыңыз, содан кейін оны құрғата
сүртіңіз немесе толықтай құрғатыңыз.
5.
Сүзгіштерді жылы суда жуыңыз да, оларды жақсы желдетілетін бөлмеде кептіріңіз.
Назар аударыңыз!
Шаңсорғыштың бөліктерін ыдыс жуғыш немесе кір жуғыш машинада жумаңыз және оларды фен мен қыздырғыш үтік секілді құралдырды
пайдаланып құрғатуға болмайды.
6.
Поролонды сүзгішті шаң жинауыштың сүзгішіне кіргізіп, орнатыңыз.
7.
Сүзгіштері бар сүзгілеу элементінің корпусын сүзгіштермен бірге шаң жинауыштың ішіне орнатыңыз.
8.
Контейнерді құралдың корпусындағы ұяшаққа жоғарыдан төмен қарай басып, сыртыл дыбыс естілмейінше бекітіп, орнатыңыз. Құрылғы жұмысқа
дайын.
9.
Егер сору қуаты төмендеп, бірақ контейнер шаңмен толмаса, контейнерді ашыңыз да, сүзгіш қалқаның ештене бітемеуін тексеріңіз. Бітеу анықталса,
құрылғыны тазартуды өтінеміз.
Ауа шығаратын HEPA – сүзгішті тазарту
Атмосфераға ауа түспес бұрын ол ауа шығаратын HEPA - сүзгіш арқылы соңғы тазарту үдерісінен өтеді, бұл сүзгіш құралдың артқы жағында орналасқан .
Бұл сүзгішті келесі жолмен тазарту қажет:
1. Құралды сөндіріңіз, содан кейін оны ток көзінен ажыратыңыз. Құралды желіден ажырату барысында оның желілік сымнан емес, штепсельді
ашадан ұстаңыз. Сымды автоматты түрде жинау батырманың көмегімен ораңыз.
2. Қақпағындағы ілмектерге жоғарыдан төмен қарай басыңыз, содан кейін қақпақты өзіңізге қарай тартыңыз, қақпақты шешіп алыңыз, содан сүзгішті
шығарып алыңыз.
3. Сүзгішті салқын ағынды судың астында жуыңыз. Сабын немесе өзге жуу құралдарын пайдаланбаңыз!
4. Сүзгішті бөлме температура барысында 24 сағат ішінде құрғатыңыз.
5. Ауа шығаратын сүзгішті орнына орнатыңыз (немесе оны жаңа біреуіне ауыстырыңыз), содан кейін қақпағын жабыңыз да, оны өз орнына сыртыл
дыбыс естілмейінше бекітіп орнатыңыз.
Сақтау жөніндегі шарт
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және
электрлі құралдар материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құралдың артқы жағында орналасқан қондырмасы бар түтікті бекітуге және оны жазықтық күйінде сақтауға арналған саңылауы бар.
9. Тасымалдау жөніндегі шарт
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде
тасымалдайды. Құралды тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті ортадан сақтау қажет.
10. Тауарды өткізу
Тауарды өткізу ережелері белгіленген емес
11. Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері
Бұл кестеде құралды пайдалану барысында туындауы мүмкін, кең таралған мәселелер келтірілген. Егер өздігіңізден ақауды жоя алмасаңыз,
тұтынушыларды қолдау орталығына немесе авторланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ақаудың пайда болуы
Пайда болу себебі
Жою тәсілдері
Құрал қосылмайды.
Қоректендіру жоқ.
Қоректендіру сымының электр желісіне
қосылу беріктігін тексеріңіз.
Сору қуаты жеткіліксіз немесе жұмыс
барысында төмендейді.
Шаң жинауыш, сүзгіш, құбыршек, түтік немесе
қондырма бітелген.
Шаңсорғыштың үлгісіне байланысты, қажет
болса шаң жинағышты немесе сүзгіштерді
тазартыңыз немесе ауыстырыңыз. Сүзгішті