background image

Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша пайдалану

құжаттамасын

Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып,

оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті жағдайлар

- Ешқашан суды немесе басқа сұйықтықты, жанғыш заттарды немесе

ыстық күлді сормаңыз.

Абайлаңыз

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі

кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.

- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды

қолданбаңыз.

- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек

Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет көрсету орталығында

немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.

- Шлангіні, түтікті немесе басқа қосалқы құралды көзіңізге қаратпаңыз

немесе аузыңызға салмаңыз.

- Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан

ажырату керек.

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны

пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,

сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның

ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.

- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Құралды және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде

сақтаңыз.

- Бұл шаңсорғыш тек тұрмыстық қолданысқа арналған. Бұл шаңсорғышты

құрылыс қалдығын, цемент шаңын, күлді, ұсақ құмды, әкті және ұқсас

заттарды соруға пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты сүзгілерсіз қолдануға

болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-ақ шаңсорғыштың қызмет

мерзімін қысқартуы мүмкін. Шаңсорғыштың барлық бөлшектерін

әрдайым пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей тазалаңыз.

Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілген болмаса, ешқандай

бөлшектерін сумен және/немесе тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.

Абайлаңыз

- Жуылатын сүзгіні сумен тазаласаңыз, құрылғыға қайта салар алдында

оның толық құрғақ болуы қамтамасыз етіңіз. Сүзгіні тікелей күн

сәулесінде, радиаторда немесе кептіргіш барабанда кептірмеңіз.

Жуылатын сүзгіні қайтып дұрыстап тазалау мүмкін болмаса немесе

зақымданса, оны ауыстырыңыз.

- Шаң сорғыш шаңды жақсылап жинап, оңтайлы қызмет көрсетуі үшін,

сүзгілерді тек түпнұсқа Philips сүзгілерінің дұрыс түрімен алмастырыңыз

(«Қосалқы құралдарға тапсырыс беру» тарауын қараңыз).

- Максималды шу деңгейі: Lc = 84 дБ(A)

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық

қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.

Керек-жарақтарға тапсырыс беру

Керек-жарақтарды немесе қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін,

www.philips.com/parts-and-accessories сайтына кіріңіз немесе Philips

дилеріне хабарласыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыға

қолдау көрсету орталығына хабарласа аласыз (байланыс мәліметтерін

халықаралық кепілдік парақшасынан қараңыз).

Кепілдік және қолдау көрсету

Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support

сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.

Өңдеу

- Бұл белгі электр өнімдерін күнделікті үй қоқыстарымен (сурет 1) бірге

тастауға болмайтынын білдіреді.

- Электр өнімдерін бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді

орындаңыз.

Ақаулықтарды жою

Бұл тарауда құрылғыда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі

ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар

тізімін көру үшін www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе еліңіздегі

Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

Мәселе

Ықтимал себеп

Шешім

Сорғызу қуаты

жеткіліксіз.

Шаң контейнері

толып кеткен болуы

мүмкін.

Шаң контейнерін босатыңыз.

Сүзгілер кірлеген.

Сүзгілерді тазалаңыз немесе

алмастырыңыз.

Сору қуаты төменгі

параметрге

орнатылған.

Құрылғыдағы немесе

тұтқадағы реттегішпен сору

қуатын көбейтіңіз.

Саптама, түтік

немесе шланг бітеліп

қалған.

Тұрып қалған затты алу үшін

бітіп қалған бөлікті ажыратып,

(мүмкіндігінше) басқа жолмен

байланыстырыңыз.

Шаңсорғышты қосып, тұрып

қалған затты кері бағытта

сорғызу арқылы шығарып

алыңыз.

Шаңсорғышты

пайдаланғанда

кейде электр

соққыларын

аламын.

Шаңсорғышта

статикалық электр

жиналады. Ауа

ылғалдылығы

неғұрлым төмен

болса, құралда

соғұрлым көп

статикалық электр

жиналады.

Түтікті бөлмедегі басқа темір

заттарға (мысалы, үстелдің,

орындықтың аяқтарына, жылу

батареясына т.б.) қарсы

ұстау арқылы құралдың

зарядын кетіріңіз. Бөлмедегі

ауа ылғалдылығын да көтере

аласыз.

Шаң жинайтын дорбасы жоқ шаң сорғыш

Өндіруші: "ДAП Б.В.", Туссендиепен 4 a, 9206АД, Драхтен, Нидерланды

Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы: "Техника для

дома Филипс" ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 123022 Мәскеу қ., Сергей Макеев

к-сі, 13-үй, 5 қабат, ХVII үй-жай, 31 бөлме, телефон нөмірі +7 495 961-1111

XB2062, XB2042, XB2023, XB2022: 220 V; 50-60 Hz; номин. қуаты 1600 W

IEC, макс. қуаты 1800 W MAX

Шаңсорғыш ең жоғары кернеудегі (IEC 60335-1 стандартына сәйкес) ашық

электронды кіріспен және электр қозғалтқышының электр параметрлерін

рұқсат етілген ауытқулармен жұмыс істеген кезде қуат тұтыну максималды

қуаттан аспайды (MAX).

II санатты аспап

Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған.

Қытайда жасалған.

Сақтау шарттары, пайдалану
Температура

0 °C - +50 °C

Салыстырмалы ылғалдылық

20 % - 95 %

Атмосфералық қысым

85 - 109 kPa

Summary of Contents for XB2023/01

Page 1: ...e vacuum cleaner Always clean all parts of the vacuum cleaner as shown in the user manual Do not clean any parts with water and or cleaning agents if this is not specifically shown in the user manual Caution If you clean a washable filter with water make sure it is completely dry before you put it back into the appliance Do not dry the filter in direct sunlight on a radiator or in a tumble dryer R...

Page 2: ... пыли и работы пылесоса всегда заменяйте фильтры оригинальными фильтрами Philips необходимого типа см главу Заказ аксессуаров Максимальный уровень шума Lc 84 дБ A Электромагнитные поля ЭМП Это устройство Philips соответствует всем применимым стандартам и нормам по воздействию электромагнитных полей Заказ принадлежностей Чтобы приобрести аксессуары или запасные части посетите веб сайт www philips c...

Page 3: ...емесе қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін www philips com parts and accessories сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне хабарласыңыз Сонымен қатар еліңіздегі Philips тұтынушыға қолдау көрсету орталығына хабарласа аласыз байланыс мәліметтерін халықаралық кепілдік парақшасынан қараңыз Кепілдік және қолдау көрсету Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса www philips com support сайтына кіріңіз нем...

Reviews: