199
13 Жиі қойылатын
сұрақтар
Бұл тарауда жабдық туралы ең жиі сұралатын
сұрақтар тізілген. Сұраққа жауапты таба
алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтарды көру
немесе еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласу үшін www.philips.com/
support бетіне кіріңіз.
Eco Max режимі деген не? Бұл режим
қоршаған ортаға қалай көмектеседі?
•
Eco Max режимі нәресте бақылаушысының
қуат тұтынуын азайту үшін әзірленген.
Нәрестеңізді жақын арақашықтықтан бақылап
отырған кезде, Eco Max режимін белсендіре
аласыз. Eco Max режимін қосу арқылы сіздің
нәресте бақылаушыңыз аз қуат пайдаланады
және қоршаған ортаға тиімдірек болады.
Модульдердегі қосу/өшіру түймелерін
басқанда, нәресте модуліндегі қуат жарығы
мен ата-ана модуліндегі «link» (байланыс)
жарығы неге жанбайды?
•
Мүмкін ата-аналар модуліндегі қайта
зарядталатын батареялар таусылған болар
және ата-аналар модулі токқа қосылмаған
болар. Шағын құрал ашасын ата-аналар
модуліне кіргізіп, адаптерді қабырғадағы
розеткаға қосыңыз. Содан соң нәресте
модулімен байланыс орнату үшін қосу/өшіру
түймесін басыңыз.
•
Мүмкін нәресте бөлігіндегі қайта
зарядталмайтын батареялары таусылған
болар және нәресте бөлігі тоққа қосылмаған
шығар. Қайта зарядталмайтын батареяларды
алмастырыңыз немесе нәресте бөлігін тоққа
қосыңыз. Содан соң, қосу/өшіру түймесін
басып, ата аналар бөлігімен байланыс
орнатыңыз.
•
Егер ата-ана модуліндегі «link» (байланыс)
шамы қызыл түспен жыпылықтай басталмаса,
модульдерді әдепкі параметрлеріне қалпына
келтіру үшін қалпына келтіру функциясын
пайдаланыңыз.
11 Қосалқы
құралдарға
тапсырыс беру
Керек-жарақтарды немесе қосалқы бөлшектерді
сатып алу үшін мына мекенжайға кіріңіз:
www.shop.philips.com/service
немесе
Philips делдалына жолығыңыз. Сондай-ақ,
еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласа аласыз (байланыс
мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік
парақшасынан қараңыз). Егер еліңізде
тұтынушыларға қолдау көрсету орталығы
болмаса, Philips дилеріне немесе Philips сервис
орталығына барыңыз.
12 Кепілдік және
қолдау
Ақпарат немесе қолдау қажет болса, Philips
компаниясының
www.philips.com/
support
веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі
Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін
дүниежүзілік кепілдік парақшасынан қараңыз).
Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы
болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне
немесе өкілетті Philips қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚША