-
Jet Clean жүйесі электр ұстараны жақсылап тазалайды, алайда
дезинфекцияламайды, сондықтан оны басқа адамдармен бірігіп
қолданбаңыз.
-
Jet Clean жүйесінің тазалау камерасы ыдыс жуғышта жууға
жарамайды.
-
Jet Clean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалау сұйықтығы
ағып кетпеуі үшін жүйені қозғалтуға болмайды.
Стандарттарға сәйкестігі
-
Осы электр ұстара халықаралық, мақұлданған қауіпсіздік
ережелеріне сәйкес келеді, сондықтан оны жуыну бөлмесінде
немесе душта қолдану және ағынды сумен шаю қауіпсіз болып
есептеледі (Cурет 2).
-
Осы Philips құралы электромагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты
барлық стандарттарға сәйкес келеді. Маңызды ақпарат
кітапшасындағы және ұстарамен бірге орамға салынған пайдалану
ақпараты кітапшасындағы нұсқауларға сай қолданылған жағдайда,
құралдар бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулерге сай қауіпсіз
болып табылады.
Тастау
-
Құрал өзінің қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, оны күнделікті үй
қоқысымен бірге тастамаңыз. Оның орнына бұл құралды қайта
өндеу мақсатына алатын арнайы жерге өткізіңіз. Сонымен
қатар сіз қоршаған ортаны сақтауға көмегіңізді тигізесіз (Cурет 3).
-
Ішіне орнатылған қайта зарядталып отыратын батарея құрамында
қоршаған ортаға тигізер зиянды заттар бар. Құралды тастар
немесе арнайы жинап алатын орынға берер алдында батареяны
алып тастаңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға
өткізіңіз. Егер батареяны шығару сіздің қолыңыздан келмесе,
құралды Philips қызмет орталығына апаруыңызға болады, ондағы
адамдар батареяны сіз үшін алып, оны қоршаған ортаға зияны
тимейтін жағдайда оның көзін жояды (Cурет 4).
ҚазаҚша
31