![Philips GC5030 series User Manual Download Page 91](http://html.mh-extra.com/html/philips/gc5030-series/gc5030-series_user-manual_1543576091.webp)
Ақаулық
Мүмкін себептер
Шешімі
Үтіктеу кезінде үтік
үстелінің қабы дымқыл
болады немесе киімде
су іздері болады.
Ұзақ үтіктеу сеансынан кейін бу
үтіктеу тақтасының жапқышында
суға айналған.
Кеуекті материал тозып кеткен болса, үтіктеу
тақтасының қаптамасын алмастырыңыз. Үтіктеу
тақтасында конденсаттың пайда болуын болдырмау
үшін үтіктеу тақтасы қаптамасының астына киізден
жасалған қосымша қабат қоюға да болады. Киізді мата
дүкенінен сатып алуға болады.
Үтіктеу тақтасының қаптамасы
құрылғының буды тез шығару
жылдамдығына арналмаған.
Үтіктеу тақтасында конденсаттың пайда болуын
болдырмау үшін үтіктеу тақтасы қаптамасының астына
киізден жасалған қосымша қабат қойыңыз. Киізді мата
дүкенінен сатып алуға болады.
Үтіктеу кезінде су
тамшылары киімге
түседі.
Мүмкін сіз қысқа уақыт
аралығында бу ағымы
функциясын тым жиі қолданып
жіберген боларсыз.
Көлденеңінен қойып, үтіктеуді жалғастыра беріңіз, ал
буды күшейту функциясын қайтадан қолданардан бұрын
кішкене кідіре тұрыңыз.
Сіз ыдысының қақпағын
дұрыстап жаппаған боларсыз.
Қақпақты «сырт» еткен дыбыс шыққанша басыңыз.
Жылдам қақтан тазалау
коллекторы құрылғыға кері
дұрыс салынбаған (тек белгілі
бір түрлер).
Үтіктеуді тоқтатып, үтікті кемінде 1 сағат суытыңыз.
Жылдам қақтан тазалау коллекторын алыңыз. Оны
құрылғыға кері салып, коллектор құрылғы бетімен
тураланғанын тексеріңіз. Иінтіректі («сырт» еткенше)
басыңыз.
Егер Жылдам қақтан босату науасы зақымдалса,
еліңіздегі тұтынушыға күтім көрсету орталығына
хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік
кепілдік парақшасынан қараңыз).
Су ыдысына химиялық зат
қосып жіберген боларсыз.
Су ыдысын шайыңыз және су ыдысына ешбір иіссу
немесе химиялық заттар құймаңыз.
Үтік бу ағымын
шығармайды
Мүмкін сіз қысқа уақыт
аралығында бу ағымы
функциясын тым жиі қолданып
жіберген боларсыз.
Көлденеңінен қойып, үтіктеуді жалғастыра беріңіз, ал
буды күшейту функциясын қайтадан қолданардан бұрын
кішкене кідіре тұрыңыз.
Сіз үтік дайын болмай тұрып
үтіктеудесіз.
Үтік дайын болғанша күтіңіз (дисплей тақтасындағы
шамның жыпылықтауы тоқтайды).
Үтіктеген кезде
үтіктің табанынан
кір су мен қалдықтар
шығады.
Қалдық немесе химиялық
заттар бар кермек судан үтіктің
табанында қақ пайда болады.
Жылдам қақтан тазалау (тек белгілі бір түрлер)
немесе Қақ тазалау (тек белгілі бір түрлер) жұмысын
орындаңыз.
«Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз.
Үтік сабында
ақшыл сары шам
жыпылықтайды.
Қақ тазалау ескерту шамы
белсендіріледі. Бұл қақтан
тазалау керектігін ескертеді.
Жылдам қақтан тазалау (тек белгілі бір түрлер)
немесе Қақ тазалау (тек белгілі бір түрлер) жұмысын
орындаңыз.
«Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз.
Үтік киімде жылтыр
із немесе белгі
қалдырады.
Үтіктелетін бет тегіс емес,
мысалы, қатты бумен үтіктеп
жатқандықтан немесе киімде
бүктелген жер болғандықтан.
Үтікті барлық үтіктеуге болатын киімдерде қауіпсіз
пайдалануға болады. Жылтыр тұрақты емес және киімді
жуғанда жоғалады. Тігістер немесе бүктелген жерлер
үстінен үтіктемеңіз. Сондай-ақ, жылтыр белгі қалдырмау
үшін ол аумаққа мақта шүберек қоюға болады.
Үтік тым қатты шу
шығарады.
Құрылғыда су жоқ.
Су ыдысын сумен толтырыңыз.
95
ҚАЗАҚ