![Philips AVENT SCD501 User Manual Download Page 55](http://html1.mh-extra.com/html/philips-avent/scd501/scd501_user-manual_1550260055.webp)
55
•
Қайта зарядталмайтын және қайта
зарядталатын батареяларды қажетті жерге
тастаңыз («Қоршаған орта» тарауын қараңыз).
•
Теріні қорғау үшін зақымдалған немесе
ағатын батареяларды ұстағанда қорғағыш
қолғапты киіңіз.
•
24 сағатқа дейін сымсыз жұмыс уақыты
болуы үшін ата-ана бөлігіне сыйымдылығы
1500 мАс немесе одан көбірек
батареяларды салыңыз.
2.0.5 Стандарттарға сәйкестігі
•
Бұл құрылғы электромагниттік өрістерге
қатысты барлық қолданыстағы стандарттар
мен ережелерге сәйкес келеді.
•
Бұл құрылғы Еуропалық Бірлестіктің радио
кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
•
Philips Consumer Lifestyle, Tussendiepen 4,
Drachten, Netherlands, осы арқылы осы нәресте
мониторы 1999/5/EC директивасының негізгі
талаптарына және басқа тиісті ережелеріне
сай екенін мәлімдейді. EC сәйкестік туралы
мәлімдемесінің (DoC) көшірмесі желіде мына
мекенжайда бар:
www.philips.com/support.
•
Ата-ана бөлігіне әрқашан дұрыс түрге
жататын батареяларды салыңыз
(«Пайдалануға дайындау» тарауында
«Батареяларды салу» бөлімін қараңыз).
•
Ата-ана бөлігін немесе нәресте бөлігін
таратқыштың немесе басқа DECT
құрылғысының (мысалы, DECT телефоны
немесе интернетке арналған сымсыз
маршрутизатор) жанына қойсаңыз, қосылым
жоғалуы мүмкін. Нәресте бөлігін немесе
ата-ана бөлігін қосылым қалпына келгенше
басқа сымсыз құрылғылардан ары жылжытыңыз.
•
Жанында қалта телефоны қосылып тұрса,
нәресте бақылағышында кедергілер пайда
болуы мүмкін.
2.0.4 Батареялар туралы маңызды
ақпарат
•
Жарылыс болдырмау үшін ата-ана бөлігіне
батареялардың тек дұрыс түрін ғана салыңыз.
•
Ата-ана бөлігінде зарядтау функциясы
жоқ. Егер ата-ана бөлігінде зарядталмалы
батареяларды пайдалансаңыз, оларды
зарядтағышта зарядтаңыз.
•
Батареяларды салғанда немесе
ауыстырғанда, қол құрғақ болуы керек.
•
Батареяның ағуын, зақымдалуын немесе
жарылуын болдырмау үшін:
1 Құрылғыға 40°C-тан жоғары жерлерде
қалдырмаңыз. Күн сәулесі, өрт немесе
жоғары температуралар әсер етсе,
батареялар жарылуы мүмкін.
2 Батареяларды артық зарядтауға,
қысқа тұйықтауға, кері күйде зарядтауға
немесе зақымдауға болмайды.
3 Құрылғыны бір ай немесе одан көбірек
пайдаланбайтын болсаңыз, ата-ана
бөлігінің батареяларын алыңыз.
4 Бос батареяларды ата-ана бөлігінде
қалдырмаңыз.
ҚАЗАҚША
Summary of Contents for SCD501
Page 2: ......