299
ҚАЗАҚША
Аккумулятор
индикаторлары
Қалған қуат
Жанып
тұру
Өшірулі
Қалған қуат 25%-ға тең немесе
одан артық және 50%-дан кем.
Қалған қуат 25%-дан кем.
Қуат жоқ (аккумуляторды
қуаттаңыз).
Жыпылықтап тұр
Аккумуляторды қуаттаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Аккумулятор қуаты бар болса да,
басқару панелі жыпылықтап қуаттауды сұрауы
мүмкін. Бұл құрылғының қате істеп тұрғанын
білдірмейді.
Кей аккумуляторлар техникалық
спецификацияларға байланысты қуаты белгілі бір
деңгейден кем болғанда істей алмауы мүмкін.
Қолданылатын операция
Ас даярлау бойынша кеңестер
Ас даярлау нәтижесіне келесі факторлар әсер етуі
мүмкін:
Азық-түлікті орналастыру
Жуан бөліктерді ыдыстың сыртына қарай, жіңішке
бөліктерді ыдыстың ортасына қарай қойып, біркелкі
салыңыз. Мүмкін болса, қабаттастырмаңыз.
Ас даярлау уақыты
Асты қысқа уақыт параметріне орнатып даярлай
бастаңыз. Осы уақыт өткен соң, татып көріңіз. Қажет
болса, уақытты ұзартыңыз. Шамадан көп пісіру
салдарынан түтін шығуы және асыңыз күйіп кетуі
мүмкін.
Тамақты біркелкі етіп пісіру
Тауық, гамбургер немесе стейк сияқты тағамдарды
пісіргенде бір рет аудару керек. Тағам түріне қарай,
пісіру барысында оны ыдыстың сыртынан ортасына
қарай қажетінше бір немесе екі рет араластырыңыз.
Тағамдың дайындығын білу
Тағамның түсі мен қаттылығы оның дайын болып-
болмағанын анықтауға көмектеседі. Белгілері:
— будың тағам шетінен ғана емес, барлық
бөліктерінен шығуы;
— құс буындарының оңай қозғалуы;
— доңыз немесе құс етінде қан белгілерінің
байқалмауы;
— балықтың мөлдір еместігі және шанышқымен
оңай кесілуі.
Қызарту ыдысы
Қызарту ыдысын немесе өздігінен қыздыратын
ыдысты пайдаланған кезде, құрылғыға зақым
келмеуі үшін, сондай ыдыстың астына фарфор
тәрелке сияқты ыстыққа төзімді оқшаулағыш
қойыңыз.
Микротолқынды пеште пайдалануға
болатын пластик қаптама
Құрамында майы көп тағамды пісірген кезде,
пластик қаптаманы тағамға тигізбеңіз, себебі ол еріп
кетуі мүмкін
Микротолқынды пеште пайдалануға
болатын пластик ыдыс-аяқ
Микротолқынды пешке арналған кей пластик
ыдыс-аяқ май құрамы мен қант мөлшері жоғары
тағамдарды пісіруге жарамауы мүмкін. Сонымен
қатар, тағамның нұсқауларында көрсетілген алдын
ала қыздыру уақытынан асып кетуге болмайды.
USB
USB шығысы — 5В тұрақты ток макс. 2,4 А,
автоматты анықталады.
Құрылғы қосылып тұрғанда, USB шығыс портын
пайдаланып ұялы телефонды қуаттауға болады.
Қуаттаған кезде, құрылғы автоматты түрде өшпейді.
Төмен токты USB құрылғыны пайдалансаңыз,
құрылғы автоматты түрде өшеді.
Қуатталып болған соң, 3 минут бойы ешқандай
әрекет жасалмаса, құрылғы өшеді.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
USB қуат көзі портымен
үйлесімді құрылғыларды ғана жалғаңыз.
Әйтпесе, құрылғы қате істеуі мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
осы құрылғының USB
қуат көзі портын компьютердің USB ұясына
жалғамаңыз
. Бұдан құрылғы қате істеуі мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Осы құрылғыға
USB құрылғыны жалғау алдында, USB
құрылғыдағы деректердің сақтық көшірмесін
міндетті түрде жасап алыңыз.
Әйтпесе, кез
келген жағдайда деректеріңіз жоғалуы мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
пайдаланбаған кезде
немесе қуаттап болған соң, USB кабельді
ажыратыңыз және қақпағын жабыңыз.
Тазалау
ЕСКЕРТУ:
тазалау алдында құрылғының
өшіп тұрғанына және аккумулятор картриджінің
алынып тастағанына міндетті түрде көз
жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ:
тазалаған кезде, құрылғыны
суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Summary of Contents for MW001G
Page 3: ...3 2 1 Fig 7 ...
Page 327: ...327 ...