
34
ҚАЗАҚША
Шу
Шу EN60745-2-13 стандартына сай анықталған
стандартты А қисығы бойынша өлшенген шу деңгейі:
Дыбыс қысымының деңгейі (L
pA
) : 84,4 дБА
Дыбыс қысымының деңгейі (L
WA
) : 95,4 дБА
Дәлсіздігi (K) : 2,5 дБА
Қорғаныс құлаққабын киіңіз
Діріл
EN60745-2-13 стандартына сәйкес анықталған
дірілдің жалпы мәні (үш осьтік векторлық сомасы):
DUC252 үлгісі
Жұмыс режимі: ағаш кесу
Дірілдің таралуы (a
h
) : 4,7 м/с
2
Дәлсіздік (K) : 1,5 м/с
2
DUC302 үлгісі
Жұмыс режимі: ағаш кесу
Дірілдің таралуы (a
h
) : 6,3 м/с
2
Дәлсіздік (K) : 1,5 м/с
2
ЕСКЕРТПЕ:
Дірілдің жарияланған таралу мәні
стандартты сынау әдісіне сәйкес өлшенген және
оны бір құралды екінші құралмен салыстыру үшін
пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Оны сондай-ақ әсерді алдын ала
бағалау үшін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТУ:
Электрлік құралды іс жүзінде
пайдалану кезіндегі дірілдің таралуы құралдың
пайдалану әдісіне байланысты жарияланған
дірілдің таралу мәнінен өзгеше болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Іс жүзінде пайдалану кезіндегі әсерді
бағалау негізінде операторды қорғау үшін қауіпсіздік
шараларын анықтаңыз (құралдың өшірілген уақыты
және бос жүріс уақытын қоса алғанда, іске қосылу
уақыты сияқты барлық жұмыс циклдерін ескеру керек).
EС сәйкестік декларациясы
Тек Еуропа елдеріне арналған
ЕС сәйкестік декларациясы осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың А қосымшасы ретінде қосылған.
Электрлік құралдың жалпы
қауіпсіздік ескертулері
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік ескертулері мен
нұсқауларын оқып шығыңыз.
Төменде берілген
барлық ескертулер мен нұсқауларды орындамаған
жағдайда, электр тогының соғуы, өрт шығуы және/
немесе ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Алдағы уақытта қолдану үшін
барлық ескерту мен нұсқауды
сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "электрлік құрал" термині қуат
көзінен жұмыс істейтін (сымды) электрлік құралды
немесе аккумулятормен жұмыс істейтін (сымсыз)
электрлік құралды білдіреді.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
1.
Жұмыс аймағы таза әрі жарық болуы керек.
Лас немесе қараңғы аймақтарда жазатайым
оқиғалар туындауы мүмкін.
2.
Электрлік құралды айналасында тез
тұтанатын сұйықтық, газ немесе шаң
сияқты заттардан тұратын жарылыс қаупі
бар орталарда пайдаланбаңыз.
Электрлік
құралдар шаң немесе газды тұтандыратын
электр ұшқындарын шығарады.
3.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
балалар және бөгде адамдар алшақ жүруі
керек.
Басқа нәрсеге алаңдасаңыз, құралға ие
бола алмай қалуыңыз мүмкін.
Электрлік қауіпсіздік
4.
Электрлік құралдың ашасы розеткаға сәйкес
келуі керек. Ашаны ешбір жағдайда өзгертпеңіз.
Адаптер ашаларын жерге тұйықталған электрлік
құралдармен пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген
ашалар мен сәйкес келетін розеткалар электр
тогының соғу қаупін азайтады.
5.
Түтіктер, радиаторлар, жылу батареялары
және тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған беттерді ұстамаңыз.
Егер денеңіз
жерге тұйықталатын болса, ток соғу қаупі жоғары.
6.
Электрлік құралдарды жаңбырдың астына
немесе ылғалды жерлерге қоймаңыз.
Электрлік
құралға су кіретін болса, ток соғу қаупі артады.
7.
Қуат шнурын дұрыс пайдаланыңыз.
Электрлік құралды тасу, тарту немесе
қуат көзінен ажырату үшін қуат шнурын
пайдалануға болмайды. Қуат шнурына
ыстық зат, май, өткір жиек немесе
қозғалмалы бөлшектер тимеуі керек.
Зақымдалған немесе оралған қуат шнурлары
ток соғу қаупін арттырады.
8.
Электрлік құралды сыртта пайдаланғанда,
сыртта қолдануға жарамды ұзартқышты
қолданыңыз.
Сыртта қолдануға жарамды
шнурды пайдалану ток соғу қаупін азайтады.
9.
Егер электрлік құралды ылғалды жерде
пайдалану керек болса, қорғаныстық
ажырату құрылғысын (GFCI) пайдаланыңыз.
Қорғаныстық ажырату құрылғысын пайдалану
ток соғу қаупін азайтады.
Жеке қауіпсіздік
10.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
жасап жатқан жұмысыңызға қырағылық
танытып, мұқият болыңыз. Шаршағанда
немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі-
дәрмектің әсерінде болған кезде электрлік
құралды пайдаланбаңыз.
Электрлік құралды
пайдалану кезінде сәл ғана аңсыздық таныту
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
11.
Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз.
Міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін тағыңыз.
Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын
қорғаныс аяқ киімі, каска немесе құлаққап сияқты
қорғаныс жабдықтарын тиісті жағдайларда
қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
12.
Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Құралды қуат көзіне және/немесе
аккумулятор блогына қоспас бұрын, оны
жинап немесе тасымалдамас бұрын,
ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде екеніне
көз жеткізіңіз.
Саусақ электрлік құралдың
ауыстырып-қосқышында тұрған кезде оны
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы
қосулы электрлік құралды қуат көзіне қосу
жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
Summary of Contents for DUC302RF2
Page 2: ...1 2 3 1 1 1 2 1 2 1 2 3 1 Fig 1 Fig 2 Fig 3 Fig 4 Fig 5 Fig 6 Fig 7 Fig 8 2 ...
Page 3: ...2 1 1 1 1 1 2 2 1 2 1 Fig 9 Fig 10 Fig 11 Fig 12 Fig 13 Fig 14 Fig 15 Fig 16 3 ...
Page 4: ...1 2 3 4 5 2 1 1 3 2 1 1 2 Fig 17 Fig 18 Fig 19 Fig 20 Fig 21 Fig 22 Fig 23 Fig 24 4 ...
Page 5: ...2 1 2 2 1 1 3 1 30 30 1 1 30 Fig 25 Fig 26 Fig 27 Fig 28 Fig 29 Fig 30 Fig 31 Fig 32 5 ...
Page 6: ...1 1 2 1 2 1 2 1 Fig 33 Fig 34 Fig 35 Fig 36 Fig 37 Fig 38 6 ...
Page 47: ...47 ...