
218
ҚАЗАҚША
ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Үлгі:
DMP180
Жалпы ұзындығы
251 - 266 мм
Максималды ауа қысымы
830 кПа
Жұмыс циклі
5 минут қосулы / 5 минут өшірулі
Номиналды кернеу
18 В ТТ
Таза салмағы
1,4 - 1,7 кг
•
Зерттеу мен әзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
Техникалық сипаттамалары және аккумулятор картриджі әр елде әр түрлі болуы мүмкін.
•
Өнімнің салмағы аккумулятор картриджі сияқты қондырма(лар)ға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
EPTA 01/2014 процедурасы бойынша ең жеңіл және ең ауыр комбинациялар кестеде көрсетілген.
Жарамды аккумулятор картриджі мен зарядтау құрылғысы
Аккумулятор картриджі
BL1815N / BL1820 / BL1820B / BL1830 / BL1830B / BL1840 /
BL1840B / BL1850 / BL1850B / BL1860B
Зарядтау құрылғысы
DC18RC / DC18RD / DC18RE / DC18SD / DC18SE / DC18SF /
DC18SH
•
Жоғарыда берілген аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының кейбірі сіздің тұрып
жатқан жеріңізге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Тек жоғарыда аталған аккумулятор катридждері мен зарядтау құрылғыларын ғана
пайдаланыңыз.
Аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының басқа түрлерін пайдалансаңыз,
жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.
Белгілер
Төменде жабдықта пайдаланылған белгілер
көрсетілген. Қолданар алдында олардың мағынасын
түсініп алыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Жарылыс қаупі.
Ni-MH
Li-ion
Тек ЕО елдеріне арналған
Электрлік жабдықты немесе аккумулятор
блогын тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз!
Электрлік және электрондық
жабдықтар мен батареялар және
аккумуляторларды кәдеге жарату және
батареялар мен аккумуляторлардың
қалдықтары және оларды ұлттық
заңнамаға сәйкес қолдану еуропалық
директиваларына сәйкес қызмет ету
мерзімі аяқталған электрлік жабдықтар
мен аккумуляторлар және аккумулятор
блок(тар)ы бөлек жиналып, қоршаған
ортаға зиян келтірмейтін қайта өңдеу
мекемесіне қайтарылуы керек.
Қолдану мақсаты
Бұл құрал шинаны, спорт добын немесе кішкентай
қалқымалы түтікті үрлеуге арналған.
Шу
EN62841-1 стандартына сай анықталған стандартты
А-өлшенген шу деңгейі:
Дыбыс қысымының деңгейі (L
pA
) : 70 дБА
Дәлсіздік (K): 3 дБА
Жұмыс кезінде шу деңгейі 80 дБА шамасынан асып
кетуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Шудың жарияланған таралу мән(дер)
і стандартты сынау әдісіне сәйкес өлшенген және
оны бір құралды екінші құралмен салыстыру үшін
пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Жарияланған шуды сондай-ақ әсерді
алдын ала бағалау үшін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТУ:
Қорғаныс құлаққабын киіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Электрлік құралды іс жүзінде
пайдалану кезіндегі шудың таралу мәні
құралдың пайдалану әдісіне, әсіресе қандай
дайындама өңделгеніне байланысты
жарияланған мәнінен өзгеше болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Іс жүзінде пайдалану кезіндегі
әсерді бағалау негізінде операторды қорғау
үшін қауіпсіздік шараларын анықтаңыз
(құралдың өшірілген уақыты және бос жүріс
уақытын қоса алғанда, іске қосылу уақыты
сияқты барлық жұмыс циклдерін ескеру керек).