Қабырғаға бекіту
ЕСКЕРТУ:
Зарядтау құрылғысын қабырғаға міндетті түрде төрт бұрандамен бекітіңіз. Әйтпесе
зарядтау құрылғысы құлап, ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Қабырғаға бекіту жұмыстарын жүргізбес бұрын, әрдайым зарядтау құрылғысының
ажыратылғандығына және зарядтау құрылғысынан барлық аккумулятордың алынғанына көз
жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Осы нұсқаулықта берілген қадамдарды орындаңыз және барлық процедураларды
бірден орындаңыз. Егер жұмысты жартылай аяқталған күйінде тоқтатсаңыз, зарядтау құрылғысы
құлап, жарақаттауы немесе зақымдалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Бұрандалардың мықтап бұралғанын мерзімді түрде тексеріп отырыңыз. Әйтпесе
бұрандалар босап, зарядтау құрылғысы құлап қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Зарядтау құрылғысының клемма бөліктерін тұрақты түрде шаң сүрткіш, т.б. арқылы
тазалаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Зарядтау құрылғысын бекітетін қабырғаны мұқият таңдаңыз; қабырға
орнықты болуы керек. Бекіту және зарядтау жұмыстарына кедергі жоқтығына көз жеткізіңіз.
Зарядтау құрылғысы мен аккумулятордың жалпы салмағы — шамамен 6,0 кг (13 фунт). Қажет болса,
қабырғаға сәйкес арматура орнатыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
аккумуляторды қабырғаға бекітілген зарядтау құрылғысына салған немесе
алған кезде аккумулятор картриджін құлатып алмаңыз. Аккумулятор картриджін мықтап ұстап,
тұрақты күйді сақтаңыз.
Зарядтау құрылғысын қабырғаға бекітуге болады. Суретте көрсетілгендей, зарядтау құрылғысының
айналасында бос орын қалдырыңыз.
►
Сурет3
ЕСКЕРТПЕ:
Дайындау қажет заттар:
— Төрт бұранда - екеуі ілуге және екеуі бекітуге арналған
Бұранда өлшемі: 6 мм x 40 мм-ден артық.
Бұранда басының өлшемі: ø12 мм-ден аспайтын.
— Бұрандаларды бұрауға арналған құралдар
1.
Қабырғаға ілуге арналған екі бұранданы бекітіңіз.
2.
Зарядтау құрылғысының төменгі жағынан резеңке табандарды (төрт дана) алып тастаңыз.
3.
Зарядтау құрылғысын 1-қадамда бекітілген бұрандаларға іліңіз.
►
Сурет4
4.
Екі бекітпе бұранданы толық бұрап, зарядтау құрылғысын қабырғаға бекітіңіз.
►
Сурет5
128 ҚАЗАҚША