
8
KK
ЕСКЕРТУ
Өнімді пайдаланған кезде адамдарға келетін қауіпті
азайту, өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін болдырмау үшін
келесі нұсқаулармен бірге негізгі нұсқауларды
орындаңыз:
Орнату
•
Ауа кондиционерін тікелей теңіз желі (тұзды бүркінді) болатын
жерге орнатпаңыз.
•
Су конденсациясы тегіс кебу үшін саңылауды дұрыс жасаңыз.
•
Ауа кондиционерін орамнан шығарған және орнатқан кезде
абайлаңыз.
•
Орнату немесе жөндеу кезінде аққан мұздатқыш агентті
ұстамаңыз.
•
Ауа кондиционерін екі немесе одан көп адаммен
тасымалдаңыз.
•
Сыртқы құрылғыны тікелей күн сәулесінен қорғалатындай етіп
орнатыңыз. Ішкі құрылғыны күн сәулесі тікелей терезе арқылы
түсетін жерге қоймаңыз.
•
Орнатудан немесе жөндеуден кейін дұрыс орамды
пайдаланып бұрандалар, шегелер немесе батареялар сияқты
нәрселерді қауіпсіз түрде тастаңыз.
•
Ауа кондиционерін сыртқы құрылғыдан шығатын шу немесе
пайдаланылған газ көршілерге қолайсыздық тудырмайтын
жерге орнатыңыз. Егер олай істемесеңіз, көршілермен
келіспеушілік болуы мүмкін.