
17
ҚҚ
ҚАЗАҚША
ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ
A
B
ЕСКЕРТУ
y
Алдымен қуатты ажыратыңыз, содан
кейін теледидарды жылжытыңыз немесе
орнатыңыз. Әйтпесе, электр тоғы соғуы
мүмкін.
y
Төбеге немесе қисық қабырғаға
орнатылса, теледидар құлап, ауыр
жарақат тудыруы мүмкін.
Рұқсат етілген LG қабырға бекіткішін
пайдаланыңыз және жергілікті
дилерге немесе білікті қызметкерлерге
байланысыңыз.
y
Бұрандаларды тым қатты бұрамаңыз:
теледидар зақымданып, кепілдік күшін
жоюы мүмкін.
y
VESA стандартына сәйкес келетін
бұрандалар мен қабырға бекітпелерін
қолданыңыз. Дұрыс қолданбау немесе
сәйкес келмейтін қосалқы құралды
пайдалану нәтижесінде болған зақымдар
мен жарақаттар кепілдікке кірмейді.
ЕСКЕРТПЕ
y
VESA стандартты бұранда
сипаттамаларында берілген
бұрандаларды ғана пайдаланыңыз.
y
Қабырғаға бекіту жинағына орнату
нұсқаулығы мен қажетті бөлшектер кіреді.
y
Қабырғаға бекіту қапсырмасы қосымша
бөлшек болып табылады. Қосымша
қосалқы құралдарды жергілікті дилерден
алуға болады.
y
Бұрандалардың ұзындығы қабырға
бекітпесіне байланысты әртүрлі
болуы мүмкін. Дұрыс ұзындықтың
таңдалғандығына көз жеткізіңіз.
y
Қосымша ақпаратты қабырғаға бекіту
тетігімен берілген нұсқаулықтан қараңыз.