14
ОСЫ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ, LG ELECTRONICS БҰЛ ӨНІМНІҢ
ДИЗАЙНЫНДА, МАТЕРИАЛЫНДА ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯСЫНДА ТҰТЫНУШЫ
САТЫП АЛҒАН КЕЗДЕ АҚАУЛАРДЫҢ ЖОҚТЫҒЫНА ЖӘНЕ СОДАН КЕЙІНГІ БІР
(1) ЖЫЛҒА КЕПІЛДІК БЕРЕДІ. ӨНІМІҢІЗГЕ КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІ ҚАЖЕТ БОЛҒАН
ЖАҒДАЙДА, САТЫП АЛҒАН ДЕЛДАЛҒА ОНЫ АЛЫП БАРЫҢЫЗ НЕМЕСЕ
ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН ЖЕРГІЛІКТІ LG ELECTRONICS БАЙЛАНЫС
ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.
Құлаққа зақым келудің алдын алу
Хендсфри көлік жинағын қатты дауыспен тыңдасаңыз, есту қабілетіңізден
айрылуыңыз мүмкін. Дыбыс деңгейін қауіпсіз күйге қойыңыз. Уақыт өте қатты
дауысқа үйреніп, бірқалыпты шығып тұрғандай көрінуі мүмкін, бірақ есту
мүшеңізді зақымдауы мүмкін.
Егер құлағыңыздан шырылдаған немесе тұншыққан дауысты ести берсеңіз,
тыңдауды тоқтатып, құлағыңызды тексертіңіз. Дыбыс деңгейі неғұрлым қатты
болса, есту мүшеңізге ықпал етуге қажетті уақыт соғұрлым аз болады. Есту
мүшесінің мамандары есту мүшеңізді қорғауға кеңес береді:
• Құлақаспапты қатты дауыспен пайдалану уақытын шектеңіз.
• Сырттағы шуылды естімеу үшін дыбыс деңгейін көбейтпеңіз.
• Егер қасыңыздағы адамдардың сөзін ести алмасаңыз,
дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
Телефонды тыңдау деңгейлерін қалай реттеу керектігі туралы қосымша
ақпаратты телефонның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Құлақаспапты қауіпсіз пайдалану
Автокөлік жүргізіп келе жатқанда, құлақаспап арқылы музыка тыңдауға кеңес
берілмейді және кейбір аумақтарда заңсыз болып есептеледі. Автокөлік
жүргізгенде сақ болыңыз. Автокөлік жүргізгенде немесе назарды толық аударуды
қажет ететін әрекет кезінде кедергі келтіретін болса немесе көңіліңізді аударатын
болса, құрылғыны пайдалануды тоқтатыңыз.
KAZ
Шектеулі кепілдік
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат