31
Маңызды норматив, қауіпсіздік жəне
пайдалану туралы ақпарат
Бұл бөлімде Lenovo смартфондарына арналған маңызды
норматив, қауіпсіздік жəне пайдалану туралы ақпарат бар.
Қосымша қауіпсіздік жəне пайдалану туралы ақпараты
Пайдаланушы нұсқаулығында
берілген. Мəліметтер алу үшін
«
Пайдаланушы нұсқаулығына
қатынасу» бөлімін қараңыз.
Жұмыс температурасы
Зақым келтіріп алмау үшін Lenovo телефонын -10°C (14°F) –
35°C (95 °F) температура аралығында ғана пайдаланыңыз.
Пластикалық қалта туралы нұсқаулы
ҚАУІПТІ: Пластикалық қалталар қауіпті болуы мүмкін.
Тұншығу қаупін болдырмау үшін, пластикалық қалтаны
кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Батареяға қатысты жалпы ескертпе
Құрылғыңызбен пайдалану үшін Lenovo тарапынан берілген
батареялар сəйкестік сынағынан өткен жəне оларды тек
бекітілген бөлшектерге ауыстыру керек. Батарея дұрыс емес
түрмен ауыстырылса, жарылу қаупі бар. Пайдаланылған
батареяларды нұсқауларға сəйкес қоқысқа тастау керек.
Зарядталмалы батарея туралы ескерту
АБАЙЛАҢЫЗ: Батарея дұрыс емес түрмен ауыстырылса,
жарылу қаупі бар.
Литий батареясын ауыстырған кезде тек бірдей немесе
өндіруші ұсынған баламалы түрін пайдаланыңыз. Батарея
құрамында литий бар жəне оны дұрыс емес қолдану, ұстау
немесе жою кезінде жарылуы мүмкін.
Пайдаланылған батареяларды нұсқауларға сай лақтырыңыз
Жасамаңыз:
Суға тастамаңыз немесе салмаңыз
45°C (113°F) астам қыздыру
Жөндеу немесе ашып қарау
Кіріктірме қайта қуатталатын батарея туралы ескерту
АБАЙЛАҢЫЗ: Ішкі литий-иондық батареяны ауыстыруға
тырыспаңыз. Заводтық ауыстыру үшін Lenovo қолдау
көрсету бөлімімен байланысыңыз.