38
• Босату тұтқышын оңға қарай жылжытып,
қалтаны бірден алыңыз.
• Бітеліп қалған қалтаны алған соң, "Күтім
жұмыстары" бөлімінде сипатталғандай,
біліктерді тазалаңыз.
Күтім жұмыстары
7
Құрылғының ішінен жабысқақ заттарды
алу үшін, біліктерді төмендегі әдіспен
тазалаңыз:
• Ламинаторды қосыңыз. Индикатор
шамдарының жасыл болып жануын
күтіңіз.
• Қолданылмаған парақты бүктеңіз
(80 г/шаршы метр).
• Қағазды бүктелген жағымен кіріс
науасына 3–5 рет кіргізіңіз.
Корпусын тазалау:
• Қуат ашасын суырып, құрылғының
сууын күтіңіз.
• Сыртын жұмсақ, ыдыс жуғыш затпен
суланған шүберекпен сүртіңіз.
Техникалық сипаттамалары
Біліктер/түрі
2 Білік/ силикон
қабатты картасыз
Жылдамдық
300 мм/мин
Қызу уақыты
Шамамен 210 сек.
Қалта қалыңдығы
(әр жағының)
75 – 100 мкм
Қағаздың
максималды
қалыңдығы
0,4 мм
Кіру ені
230 мм
Қуат жабдықтау
230 В; 50 Гц
Максималды қуат
тұтынысы
300 Вт
Салмағы
1,35 кг
Өлшемдері (ұxеxб)
370x125x82 мм
Техникалық
өзгерістер
ескертусіз
жасалады
2 жыл кепілдік
Leitz құрылғылары 2 жылдық кепілдікпен
сатылады. Кепілдік мерзімінің шарттары:
1.
Әр құрылғының материалы және/
жасалуына сатып алған мерзімнен
бастап 2 жыл кепілдік беріледі.
2.
Құрылғылар тұтынушының орын алған
ақаулық туралы жазбаша мәлімдемесі
және сатып алынған мерзімінің
дәлелінсіз қабылданбайды.
3.
Құрылғыларды жөндеуге жібергенде
Esselte компаниясына тиісті орамымен
жіберу қажет. Құрылғыны жеткізу
кезінде орамы дұрыс болмағандықтан
орын алған бұзылу жағдайлары үшін
Еsselte жауапкершіліктен бас тартады.
4.
Барлық бөлшектері мен құрылғыға
қажетті жұмыс шығындарына
жабдықтаушы жауапты болады. 2
жылдық кепілдік шарттары:
-
Құрылғы жабдықталған қолдану
нұсқауларға сай қолданылуы тиіс.
-
Егер кепілдікті қолдану қажет болса,
құрылғыны Esselte компаниясына
қайтарып, жеткізу шығынын көтеру
қажет болады. Esselte жеткізу кезінде
орын алған жоғалу немес бұзылу
жағдайларына жауапты емес.
-
Ақаулар қандай да апат, дұрыс
қолданбау, өзгерту немесе
немқұрайдылық себебінен болғаны
анықталса, кепілдік қолданылмайды.
-
Esselte компаниясы құрылғының
және оның жабдықтарының
ақаулықтары салдарынан болған
бұзылу немесе жоғалу жағдайларына
жауапты емес.
-
Бұл кепілдік сіздің заңдық
құқықтарыңызға әсер етпейді.