
64
O
8 кг құрайтын өлшеуге
болатын ең жоғарғы
салмақты асырып, таразыны
шамадан артық жүктемеңіз.
Кері жағдайда өлшеу
сенсоры зақымдалуы мүмкін.
Құрылғының
автоматты түрде
өшуі:
Таразыда 3 минут бойы бірдей
салмақ көрсеткіші көрсетіліп
тұрса, таразы автоматты түрде
өшеді.
Қолмен өшіру:
Батарея қуатын үнемдеу үшін
таразыны пайдаланбайтын
кезде өшіріп қойыңыз. Ол
үшін дисплей өшкенше «on/
zero (қосу/нөлдеу)» сенсорлық
тақтасын басып ұстап
тұрыңыз.
Күту және тазалау
O
Таразыны құрғақ матамен
сүртіп, одан кейін оны
мұқият құрғатыңыз. Тазалау
үшін абразивті немесе
химиялық қоспаларды
қолданбаңыз.
O
Заттарды тікелей өлшеу
платформасының бетіне
орналастырмай тұрып,
әрдайым оның таза болуын
тексеріңіз.
O
Өлшеу кезінде заттарды
өлшеу платформасының
шетіне емес, ортасына
қойыңыз.
O
Таразы платформасына
ыстық тағамды немесе
кастрөл сияқты ыстық
контейнерді қоймаңыз.
O
Пышақ сияқты өткір
құралдардың бетіне
зақым келтіруі мүмкін
болғандықтан, ешқашан
таразы платформасында
тағамды кеспеңіз.
O
Таразыға қатты дәмі/иісі бар
тағамның немесе цитрус
жемістерінің қышқыл дәмі
сияқты қышқылдардың
тиюіне мүмкіндік бермеңіз,
себебі олардың таразы
беткейіне зақым келтіруі
мүмкін.
O
Таразыны жоғары
электрмагниттік өрістердің
(мысалы, сымсыз портативті
телефон, компьютер және
т. б.) әсеріне ұшыратпаңыз,
өйткені бұл таразының
жұмысына және дәлдігіне
кедергі келтіреді.
O
Сенсорлық тақталарды
қатты күш салып баспаңыз
және оларды басқару үшін
ешқашан үшкір заттарды
қолданбаңыз.
O
Бұл құрылғы тағаммен
бірге қолданылатын
материалдар мен заттар
бойынша 1935/2004 ЕС
ережесіне сай келеді.