
30
Нұсқаулық
KK
пайдаланыңыз. Басқа тараптық өндіруші дайындаған
бөлшектер нақты сай болмайды және жарақаттану қауіпін
жоғарылатады.
Құралды құрғақ әрі балалардың қолы жетпейтін
∙
жерде, тез тұтанатын материалдардан қауіпсіз қашықтықта
сақтаңыз.
Құралға су тигізбеңіз!
∙
Тегістейтін машинаны тазарту үшін тек қана жұмсақ
∙
сабын мен аздап дымқылданған шүберекті қолдануға болады.
Көптеген тұрмыстық тазартқыш дауалардың құрамында
химиялық заттар бар, ол пластмассаны қатты зақымдауы
мүмкін. Жанармай, скипидар, лактар, бояуға арналған
еріткіштер және осы сияқты заттарды қолданбаңыз.
Қоршаған ортаны қорғау
Қалдықты болдырмау мақсатында
шикізатты қайта қолдану!
Құралды, қосымша жабдықтарды және қаптаманы
экологиялық таза жолмен қайта өңдеуге жіберу керек.
Пластикалық бөлшектер классификациялық қайта өңдеуге
жіберіледі.
Осы нұсқаулықтар хлор пайдаланбай дайындалған екінші
өңделім қағазына басылған.