IR-
1416
IR-
1416
Сипаттамасы
Судың максималды
деңгейі
Сымды желіге қосу
Шайнек-термосты сумен толтыру
Назар аударыңыз
Қауіпсіздік шаралары
Пайдалану
Назар аударыңыз
Қаспақтан тазалау
Тазалау
1. Қақпақ
2. «Ашу» тетігі
3. Қайнау режімінің көрсеткіші
4. Помпаны блоктау тетігі
5. Температураны ұстау режімінің көрсеткіші
6. Шүмек
7. Су деңгейінің көрсеткіші
8. Сым тесігі
9. Штекер
10. Тұрқы
11. Тұтқасы
12. Желдеткіш тесігі
13. Қысым жіберу тетігі (помпа)
14. Сым
Құралды қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз.
Құралды өз бетіңізше қолданбаңыз. Қызмет көрсету орталығына барыңыз.
Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Балаларға ересектердің
қарауынсыз құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз. Ыдыстағы судың деңгейі
максималды белгіден аспауын қадағалаңыз. Қақпақ ашық болғанда шайнектен
ыстық су алмаңыз.
Желдету тесіктерін матамен немесе басқа заттармен жаппаңыз. Сымы зақымдалған
құралды пайдалануға болмайды.
Шайнек-термостан ыстық суды қайнау барысында немесе одан кейін құймаңыз.
Егер құрал ұзақ уақыт қолданылмаса, оны желіден сөндіріңіз.
Теріңізді күйдірмеу үшін желдету тесігі жəне ашық қақпақтан шығатын буды
қадағалаңыз.
Алғашқы қолданар алдында ыдысқа толығымен су құйыңыз жəне содан кейін
төменде көрсетілген нұсқаулық ережелерін сақтаңыз.
Ыдысқа максималды белгіден жоғары су құймаңыз, өйткені ыстық су шайнектен
төгіледі.
Шайнектің түбі суланбасын.
Қақпағын тығыз жабыңыз.
Ішінде су жоқ шайнекті желіге қоспаңыз.
Құрал желіге қосылған кезде қайнату режімінің көрсеткіші жанады.
Су қайнағаннан кейін құрал температураны ұстау режіміне ауысады.
Су қайнамаса, қақпақты ашпаңыз.
Шайнектен су құю үшін – жəне қысым беретін тетікті (14) басыңыз.
Шайнектің ішіндегі қаспақты үнемі тазалау керек.
Тазалау үшін екі ас қасық 9 пайызды сіркесу жəне су ерітіндісін құю керек.
Ерітіндіні шайнекте 12 сағатқа қалдырыңыз.
Ерітіндіні төгіңіз
МАХ белгісіне дейін су құйыңыз жəне шайнекті қайнатыңыз.
Қайнаған суды қалған қаспақты жəне ерітіндіні тазалау үшін төгіп тастаңыз.
Шайнекті таза сумен жуыңыз.
Шайнекті тазалағанға дейін розетка желіден алынғанын тексеріңіз.
Шайнекті жұмсақ дымқыл шүберектің көмегімен тазалауға болады.
Шайнекті тазалау үшін жуғыш заттар, ерітінділер, абразивті немесе
аэрозоль тазартқыштарды қолдануға болмайды. Аталған жуғыш заттар
шайнектің бетіне зақым келтіруі мүмкін.
Жеткізушінің сатып алушының келісімінсіз тауардың сыртқы
түрін немесе жиынтығын өзгертуге құқығы бар.
Құрал тек тұрмыстық мақсатқа арналған.
Жұмыс кернеулігі: 220-240В/50Гц
Жұмсалатын қуат: 750Вт
Максималды көлемі 2,5 л
Қызмет мерзімі:
2
жыл.
6
7