81
KZ
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
Токты ажырату
!
Пайдаланбаған кезде, оны тазалаған кезде және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарған кезде
кептіргішті розеткадан ағытып қойыңыз.
Әрбір циклдан кейін сүзгіні тазалау
Сүзгі – кептіргіштің негізгі құрамдас бөлігі: оның
функциясы – кептіру кезінде түзілетін талшықтар мен
түйіршіктерді жинау.
Кептіру аяқталғаннан кейін сүзгіні су ағыны астында шаю
арқылы немесе шаңсорғышпен тазалаңыз. Сүзгі бітеліп
қалса, кептіргіш ішіндегі ауа ағыны өте нашарлайды:
кептіру уақыттары ұзарып, көбірек қуат қолданылады.
Оған қоса, кептіргіш зақымдалуы мүмкін.
Сүзгі кептіргіштің
тығыздағышының артында
орналасады (Суретті
қараңыз).
Сүзгіні алып тастау:
1. Сүзгінің пластикалық
тұтқасын жоғары қарай
тартыңыз (Суретті қараңыз).
2. Сүзгідегі түйіршіктерді
тазалап, оны орнына
дұрыстап қойыңыз.
Сүзгі орнына толығымен
итерілгеніне көз жеткізіңіз.
!
Сүзгі тұтқышына қайта қойылмаған болса, кептіргішті
пайдаланбаңыз.
Әрбір циклдан кейін барабанды
тексеру
Кептіргіш ішінде қалып қою мүмкін кіші заттарды (кіші
орамалдар) алу үшін барабанды қолмен айналдырыңыз.
Барабанды тазалау
!
Барабанды тазалау үшін абразивті заттарды, болат
жүнін немесе тот баспайтын болатты тазартқыш
заттарды қолданбаңыз.
Тот баспайтын болат барабанда түрлі-түсті үлдір пайда
болуы мүмкін: ол су және/немесе кондиционер сияқты
жуудан қалған тазартқыш заттардың қосылуынан
түзілуі мүмкін. Бұл түрлі-түсті үлдір кептіргіштің
тиімділігіне әсер етпейді.
Кептіргішті тазалау
• Метал мен пластиктен жасалған сыртқы жақтарын
және резеңке бөлшектерін дымқыл шүберекпен
тазалауға болады.
• Желдету түтігін және желдету жүйесінің барлық
басқа бөліктерін мерзімді түрде тексеріңіз отырыңыз,
және жиналған түйіршіктер мен талшықтарды алып
тастаңыз.
!
Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
!
Электр және механикалық бөліктер қауіпсіз түрде жұмыс
істейтінін қамтамасыз ету үшін кептіргішті мерзімді түрде
өкілетті техникалық мамандарға тексертіңіз («Көмек»
тарауын қараңыз).
Техникалық ақпарат
Өнім
Кептіргіш
Сауда белгісі
Өндірушінің сауда
белгісі
Модель
IDV 75 (EU)
Өндіруші
Indesit Company
Өндіру елі (шыққан
жері)
Англия
Ең көп жүк
7 кг
Кернеу мен кернеу
ауқымының
номиналды мәні
220-240 В ~
Ток немесе ток жиілігінің
шартты белгісі
50 Гц
Тұтынылатын қуат
2300-2700 Вт
Қуат тұтыну класы
B
Тұтынылатын қуаттың
орташа мәні
472,5 кВт/жыл
Ток соғудан қорғау
класы
I қорғау класы
Келесі электрондық
пошта мекенжайына
өтінім жіберіп,
куәландыру
туралы ақпарат
немесе сәйкестік
сертификаттарының
көшірмесін алуға
болады: cert.rus@
indesit.com.
Өндіру күнін
сериялық нөмірден
(С/н XXXXXXXXX *
XXXXXXXXXXX) келесі
жолмен табуға болады:
- С/н 1-саны өндіру жылының соңғы
саны,
- С/н 2- және 3-саны өндіру айының
реттік нөмірі,
- С/н 4- және 5-саны өндіру күнінің
реттік нөмірі.
Өндіруші құрылғының өнімділігіне әсер етпейтін дизайн
мен өнім параметрлеріне қатысты алдын ала ескертусіз
өзгеріс енгізу құқығын сақтайды. Осы нұсқаулықта берілген
кейбір параметрлер шамаланып көрсетілген. Өндіруші
осы мәндерден сәл ауытқуға жауапты болмайды. Бұл
кітапшадағы басып шығару немесе көшіру қателеріне
жауапты болмаймыз.
Өндіруші:
Viale A. Merloni 47, 60044, Fabriano
(AN), Италия
Импорттаушы:
OOO “Indesit RUS”
Кез келген сұрақтарыңыз
болса, оларды төмендегі
мекенжайға хатпен
жолдаңыз:
01.01.2011 бұрын: Ресей, 129223,
Мәскеу, Мир даңғылы, ВВЦ, пав.
46; 01.01.2011 кейін: Ресей, 127018,
Мәскеу, Двинцев к-сі, 12-1
Summary of Contents for IDV 75
Page 12: ...12 EN ...
Page 24: ...24 NL ...
Page 36: ...36 ES ...
Page 48: ...48 PT ...
Page 60: ...60 FR ...
Page 72: ...72 RU ...
Page 84: ...84 KZ 02 2013 Xerox Fabriano ...