![Hyundai H-HV18-10-UI3321 Instruction Manual Download Page 22](http://html.mh-extra.com/html/hyundai/h-hv18-10-ui3321/h-hv18-10-ui3321_instruction-manual_2196511022.webp)
IM2021
22
Қыздыру қуаттылығының режимін таңдау
Қыздырудың төмен қуаттылығын таңдау үшін
ажыратқыштың пернесін «І» күйіне орнатыңыз. Қыздырудың жоғары қуаттылығын таңдау үшін,
ажыратқыштың тағы бір пернесін «І» күйіне орнатыңыз.
Температураны орнату
Термостаттың тұтқасын тірелгенше дейін сағат тілі бойымен бұраңыз. Бөлмедегі температура қажетті
деңгегйге жеткен кезде, теромстаттың тұтқасын аспап сөнгенше дейін сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Енді термостат, әлсін
-
әлсін конвекторды қосып
-
сөндіру арқылы берілген температураны сақтап
тұрады.
Сөндіру
Ажыратқыштың пернесін «О» күйіне қойыңыз және аспапты электр желісінен сөндіріңіз.
8.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Аспаптың сыртын тұрақты түрде шаң
-
тозаңнан және ластанудан тазалап отыру қажет, өйткені бұл
оның жұмыс істеу тиімділігіне және үй
-
жайды жылытудың температуралық параметрлеріне әсер етеді.
Профилактикалық жұмыстарды орындау алдында аспапты сөндіріңіз және оны электр желісінен
ажыратыңыз, оған салқындауға уақыт беріңіз, содан кейін оның бетін жұмсақ сәл ылғалды шүберекпен
сүртіп шығыңыз. Тазалау үшін жуу құралдарын, оның ішінде абразивті құрамдары бар құралдарды
пайдаланбаған абзал. Аспаптың өткір заттармен зақымдалуына жол бермеңіз, өйткені боялған беттегі
сызаттар тоттың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Конвектордың артқы бөлігін де тұрақты түрде шаңнан және ластанудан тазалап отыру керек. Ол үшін
аспапты кронштейннен шешіп алыңыз, ал тазалағаннан кейін, оны бастапқы күйіне қайтарыңыз.
Профилактикалық тазалау рәсімін конвектордың техникалық күйін қолдау және оның сыртқы түрін
ұзақ жылдар бойы сақтау үшін тұрақты түрде жүргізіп отырған жөн.
ЕСКЕРТУ:
Беткі жағында эмаль түсінің өзгеруі ақау болып табылмайды, өйткені бұған ауада шаң
-
тозаң мен
басқа да ластау бөлшектерінің жоғары құрамы себеп болады.
9.
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Ықтималды ақаулар және оларды жою әдістері 2
-
кестеде берілген.
Егер ақауды ұсыныстарға сәйкес жою мүмкін болмаса немесе басқа да бір ақаулар туындаған кезде,
авторландырылған сервис орталығына жүгініңіз.
Кесте 2
Ақау
Ықтималды себептер
Жою
Аспап электр желісіне
қосылған, ажыратқыш
қыздыру режиміне
орнатылған, бірақ аспап
жұмыс істемейді.
Электр қуаты жоқ
Электр қуаты аспаптан
ажыратылмаған ба тексеріңіз және
қажет болған жағдайда аспапқа
электр қуатын беріңіз.
Температураны шектеуіш
электр тізбегін ажыратып
жіберді және қыздыру
элементтерін сөндіріп тастады
Ауажинағыш немесе ауа шығару
торлары бөгде заттармен
бөгелмегеніне көз жеткізіңіз және
аспатың корпусы салқындағаннан
кейін, температура шектеуіштің іске
қосылуын күтіңіз.
Электр желісінің автоматты
ажыратқышы жарамсыз
Электр желісінің автоматты
ажыратқышының жұмысқа
қабілеттілігін тексеру және қажет
болған жағдайда жарамсыз
ажыратқышты ауыстыру
Жарамсыз күш релесі
Авторландырылған сервис
орталығына жүгіну
Термостат жарамсыз
Қыздыру элементі жарамсыз