background image

KAZ

13

Қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты арнайы нұсқаулар

•  Жазатайым оқиғаны болдырмау мақсатында фенді ванна бөлмесінде 

пайдаланғанда  аса  сақ  болыңыз.  Фенге  судың  тиюіне  жол  бермеңіз. 

Электр тогының соғу қаупі тіпті фен сөндірулі болғанда да сақталады. 

Сол  себепті  фенді  пайдаланып  болғаннан  кейін  айырды  розеткадан 

суырып тастаңыз.

•  Саптамаларды суырмас немесе ауыстырмас бұрын айырды розеткадан 

суырып  алыңыз.

•  Жұмыс  істеп  тұрғанда  фен  қатты  қызады.  Күйіп  қалмас  үшін  абай 

болыңыз.

•  Жазатайым  оқиғаны  болдырмас  үшін  токқа  қосылған  фенге  жақын 

жерде  шашқыстырғыштардың,  түйреуіштердің  және  т.б.  болмауын 

қадағалаңыз.

•  Ауа  айдайтын  және  беретін  саңлаулардың  ашық  болуына  назар 

аударыңыз. Оларды саусақтарыңызбен жаппаңыз.

•  Осы  аспап  пайдалануға  дайын  күйінде  жеткізілгесін,  монтаждауды 

талап етпейді.

•  Осы аспапқа арнайы тасымалдау ережелері қолданылмайды. Аспапты 

тасымалдау  кезінде  түпнұсқалық  зауыт  орамасын  пайдаланыңыз. 

Тасымалдау  кезінде  аспаптың  құлауын,  соққы  мен  аспапқа  түсетін 

басқа  да  механикалық  әсерді,  сондай-ақ  атмосфералық  жауын  мен 

агрессивті орталардың тікелей әсерін болдырмау керек.

•  Осы  аспаптың  сатылуы  Кедендік  Одақ  мүшесі  мемлекетінің 

қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілу тиіс.

Назар аударыңыз! 

Құралды  алғаш  рет  іске  қосқанда  қысқа  уақытқа 

күйген май иісі шығуы мүмкін- бұл қыздыру тетіктеріндегі артық майдың 

жойылуын білдіреді. 

Назар  аударыңыз!

  Құралдың  сыртқы  жұмыс  қабаты  зақымданса, 

құралды  дереу  желіден  суырып  алыңыз,  себебі  бұл  электр  тогы  соғу 

қаупін туғызуы мүмкін.

Аспаптың бөлшектеріне шолу:

1.  Аспапты корпусі
2.  Сүзгіш
3.  Температура мен қуаттылық ауыстырып-қосқышы 
4.  Іліп қоюға арналған ілгек 
5.  Электр сымы

Reviews: