
105
it
105
kz
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ҚАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Қаптама материалының 100% қайта
өңдеуге болады және ол қайта өңдеу
таңбасымен (*) белгіленген. Сондықтан
қаптаманың әр түрлі бөліктерін
тастағанда жауапкершілік танытып,
қоқыс тастауға қатысты жергілікті органдардың
ережелерін ұстану қажет.
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА
ТАСТАУ
Бұл құрылғы қайта өңдеуге болатын немесе
қайта қолдануға болатын материалдардан
жасалған. Оны қоқыс тастауға қатысты
жергілікті ережелерге сәйкес тастаңыз.
Тұрмыстық электр құрылғыларды өңдеу,
қалпына келтіру және қайта өңдеу туралы қосымша
ақпарат алу үшін, жергілікті органға, тұрмыстық
қоқысты жинаумен айналысатын қызметке немесе
құрылғыны сатқан дүкенге хабарласыңыз. Бұл
құрылғы электр және электрондық құрылғылардың
(WEEE) қалдықтарына қатысты 2012/19/EU Еуропа
директивасына сәйкес белгіленген. Осы өнімнің
дұрыс тасталуын қамтамасыз ету арқылы қоршаған
орта мен адам денсаулығына тигізетін кері әсерінің
алдын алуға көмектесесіз. Өнімдегі немесе ілеспе
құжаттамадағы (*) таңбасы бұл өнім кәдімгі тұрмыстық
қоқыс сияқты тасталмай, электр және электрондық
жабдықты қайта өңдеумен айналысатын тиісті жинау
орталығына тапсырылуы тиіс екенін білдіреді.
Ешбір орама материалы
тағамға тимеуі керек.
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ
Бұл құрылғы Еуропаның №666/2013, №665/2013
нормативінің Экологиялық дизайн талаптарына
сай келеді.
Шаңсорғыш қолданысы қатты беттер мен
кілемде (жалпы мақсаттағы қолданыс) тексеріліп,
төмендегі негізгі Еуропа нормативтеріне сәйкес
келетіні расталған:
EN 60312-1;
EN 60704-1;
EN 60704-2-1