50
KZ
Бекіту
Құрылғыны өте тегіс тіреуіш бетке
орнату қажет.
Дұрыс бекітпеу салдарынан туындаған кез келген
деформациялар плитаның мүмкіндіктері мен
жұмысына әсер етуі мүмкін. Бекіту ілмектеріне
бұралатын бұрандалардың
ұзындығын таңдаған кезде
тіреуіш
беттің қалыңдығын ескеру қажет:
• 30 мм болса: 23 мм бұрандалар
• 40 мм болса: 13 мм бұрандалар
Плитаны төмендегідей бекітіңіз:
1. Плитаның әр бір жағының ортасындағы тесіктерге
4 туралау серіппелерін бекіту үшін қысқа, ұшы тегіс
бұрандаларды қолданыңыз.
2. Плитаны қуысқа орналастырып, ол дәл ортада
тұрғанына көз жеткізіңіз де, плита тіреуіш бетке
бекітілгенше бар жағынан басыңыз.
3. Шеттері көтеріңкі плиталар үшін: Плитаны қуысына
кіргізгеннен кейін, 4 бекіту ілмектерін (әрбірінің өз
шегесі бар) плитаның төменгі жиектеріне кіргізіп, шыны
тіреуіш бетке орныққанша, оларды ұзын әрі ұштары
үшкір бұрандалармен орындарына бекітіңіз.
!
Туралау серіппелерінің бұрандаларына қол жеткізу
мүмкін болуы тиіс.
!
Қауіпсіздік стандарттарын орындау үшін,
орнатылғаннан кейін құрылғы электр бөліктерге
тимеуі тиіс.
!
Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынуы тиіс.
Токқа жалғау
!
Қауіпсіздік себептеріне сәйкес және пешті алу оңай
болуы үшін плитаны және кез келген ендірілген
пешті токқа жалғау бөлеу жасалуы керек.
Бір фазалық қосылым
Плитада алдын ала жалғанған ток кабелі бар, ол бір
фазалық қосылымға арналған. Сымдарды төмендегі
кесте мен сызбаларда берілген нұсқауларға сәйкес
жалғаңыз:
Кернеу мен электр
желісінің жиілігі
Электр кабелі
Сымдарды жалғау
220-240 В 1+N ~
50 Гц
: сары/жасыл
N: екі көк сым бірге
L: қоңыр мен қара бірге
Қосылымдардың басқа түрлері
Ток желісі төмендегілердің біріне сәйкес келсе:
Кернеу мен электр желісінің жиілігі
• 400 В - 2+N ~ 50 Гц
• 220-240 В 3 ~ 50 Гц
• 400 В 3 - N ~ 50 Гц
• 400 В - 2+2N ~ 50 Гц
Сымдарды бөліп, оларды төмендегі кесте мен
сызбаларда берілген нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
Кернеу мен электр
желісінің жиілігі
Электр кабелі
Сымдарды жалғау
400 В - 2+N ~
50 Гц
220-240 В 3 ~
50 Гц
400 В 3-N ~
50 Гц
400 В - 2+2N ~
50 Гц
: сары/жасыл;
: сары/жасыл;
N1: көк
N2: көк
L1: қара
L2: қоңыр
N: екі көк сым бірге
L1: қара
L2: қоңыр
Электр кабелін желіге қосу
Құрылғы электр желіге тікелей қосылатын болса,
контактілерінің арасында кем дегенде 3 мм аралығы
бар жан-жақты айырып-қосқышты орнату қажет.
!
Орнатушы дұрыс ток байланысын жасағанына
және оның қауіпсіздік шараларына сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
• Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға
сәйкес болып табылады.
• Розетка құрылғыда орналасқан негізгі деректер
кестесінде көрсетілген құрылғының ең жоғарғы
күшіне төзімді.
• Кернеу негізгі деректер кестесінде көрсетілген
мәндер ауқымында.
• Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес
келеді. Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса,
өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
!
Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
!
Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
!
Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
!
Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
!
Ток кабелін ешбір себепке байланысты
ажыратпаңыз не ауыстырмаңыз. Оны ажырату
немесе ауыстыру кепілдіктің және CE белгісінің
күшін жояды. INDESIT компаниясы бастапқы ток
кабелін ауыстырудан/ажыратудан туындаған
жазатайым оқиғаларға немесе зақымдарға
жауапты болмайды. Ауыстыруды тек INDESIT
компаниясының өкілетті маманы жасаса және
түпнұсқалық бөлшекті қолданса ғана жасауға
болады.